«Мұғалжар» районная общественно-политическая газета

ЕМБІДЕ КӨПІР ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Ембі қаласында Алматы көпір құрылымдары зауытының (Алматинский завод мостовых конструкций) филиалы ашылатын болды. Зауытқа Ембі қаласынан 35-40 адам құрылысшы мамандары мен жұмысшылар алынады, ал инженерлік-техникалық мамандар Алматы қаласынан келеді.
Бұл мақсатта өткен жылдың 23-ші желтоқсанында аудан әкімі Асқар Шериязданов арнайы Алматы қаласына барып, Алматы көпір құрылымдары зауыты директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардиновпен, бас директордың орынбасары Дмитрий Бессоновпен, мобильдік зауыттың директоры Ерік Жексебаевпен кездесті. Кездесу барысында 1963 жылы құрылған зауыттың негізгі жұмыстарымен, оның шығаратын өнімдерімен және жалпы технологияларымен зауыт басшлығы аудан әкімін таныстырып, келіссөздер жүргізді.
Нәтижесінде Алматыдан Ембі қаласына арнайы мобильдік зауыт директоры Ерік Жексебаев және «Транс ЖБ логистика» ЖШС-нің директоры Рустам Сакиев келіп, Ембі қаласында орналасатын кәсіпорын орынын, техникалық мүмкіндіктерін, қажетті кадрлардың дайындығын, өнімді шығаруға қажетті құм шұңқырларымен (песчаный карьер) аумақтағы қиыршық тас зауыттарының мүмкіндіктерін қарап, жан-жақты талқылады.

Кездесуде аудан әкімі А.Шерияздановпен бірге аудан әкімінің орынбасары С.Мұқанов, Ембі қаласының әкімі Ә.Қорғанбай, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Дәрімбетов, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Сарбасов қатысты.

Негізі мақсат — көпірлерді салу кезіндегі қажетті өнімдерді Ембі қаласынан шығарып, жергілікті жердегі жол құрылыстарына тиімді пайдалану. Осы Ембі қаласынан ашылатын зауыт филиалының өнімдері Ақтөбе-Қандыағаш, болашақта Ембі-Қандыағаш бағытында салынатын жолдарға пайдаланылатын болады.

Связанные посты

Более 12 тысяч человек умерли от рака за год в Казахстане

admin_mugalzhar

В НОВОМ УЧЕБНОМ ГОДУ В РАЙОНЕ РАСПАХНУТ СВОИ ДВЕРИ 4 ШКОЛЫ

admin_mugalzhar

«Сложились очень добрые, доверительные отношения» — Путин о Токаеве

admin_mugalzhar

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.