«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Белсенді жастар облыс әкімінің сыйақысымен марапатталмақ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев биылғы жылы да ақтөбелік белсенді жастарды «Жас Ақтөбе» облыстық сыйақысымен марапаттайды. Бұл туралы Aktbenews.kz сайты хабарлайды.

Жыл сайын өткізілетін облыс әкімінің «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға беріледі.

Марапаттау 10 номинация бойынша жүргізіледі. Әр жеңімпазға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Жүлдеге ие болғандарға «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйақысының лауреаты атағы беріліп, диплом және ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Конкурсқа қатыса алатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдар баспасөз беттерінде және ғаламтор парақшаларында жарияланады.

Айта кету керек, өткен жылы облыс әкімінің «Жас Ақтөбе» облыстық сыйақысын мұғалжарлық үш жас иеленген болатын. Олар «Жастар» патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарған Жандос Табылғанов, аудандық «Мұғалжар» газетінің Бас-редакторы Әнуар Искарин иеленген еді.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ЖОЛДАРЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүру міндеттелмейтін болады

admin_mugalzhar

Қазақстанда қарапайым тұрғындарға қандай әскери киімдерді киюге тыйым салынады?

admin_mugalzhar