«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмысқа ауыстырылады

Вакцина алмаған немесе соңғы 6 айда коронавируспен ауырмаған мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысында айтылған.
«CОVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде CОVID-19-мен ауырмаған қызметкерлер міндеттерін орындау қашықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады», деп жазылған құжатта.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Ұқсас ақпараттар

МГТК: Аудан жастары тегін оқи алады

admin_mugalzhar

АҚШ төрт жыл ішінде Айға сапар шегуді жоспарлап отыр

admin_mugalzhar

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ТЕГІН ДАЯРЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar