Әлеуметтік салаға басшы тағайындалды

5879 0

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол  Данағұловтың өкімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Айдынғали Шотовтың еңбек демалысына шығуына байланысты, бұл лауазымды қызмет орнына бөлім басшысының орынбасары қызметіндегі Камшат Құрманалина тағайындалды.

Камшат Бақытжанқызы 1972 жылы 1 қаңтарда Ащысай ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолы 1999 жылы Жем қаласындағы №5 орта мектебінде бастауыш сыныптарының мұғалімі қызметінен басталған. 2001-2004 жылдары аудандық білім бөлімінің әдіскері, 2004-2005 жылы аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің маманы, 2005-2006 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекші маманы, 2006-2008 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, кейін 2013 жылға дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2013-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, 2017 жылдың сәуір айынан осы күнге дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін ұзақ жылдар бойы басқарған Айдынғали Шотов еңбек демалысына шығуына байланысты лауазымды қызмет орнын тапсырып, бүгінде аудандық жұмыспен қамту орталығының кеңесші маманы қызметіне келді. Айта кету керек, Айдынғали Сұлтанғалиұлы әлеуметтік салада 43 жыл еңбек етсе, соның 30 жылында аталмыш саланы басқарды.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Оқи отырыңыз

Сау болсыншы сәбилер

20.09.2018 0
Ана мен баланың саулығы — бүтін бір ұлттың болашағы. Сондықтан мемлекет өз кезегінде ұлт саулығына мән беріп, медицина саласын заман…

Балалардың қандай жазығы бар?

27.09.2018 0
Жаңа оқу жылы басталғаннан бері Мұғалжарда 7 оқушы қыз бала мектепке бармай отыр. Себеп, орамалдың жайы. Білім саласына жауапты тұлғалар…

Жерлестер форумы өтеді

24.05.2018 0
Ертең Мұғалжар ауданында «Ажырамас туған жерден, түлеп ұшып кетсе де» атты жерлестер форумы өтеді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ…

С.Еңсепов: «Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!»

13.12.2018 0
Кеңестер Одағының ыдырау процесі қазіргі ТМД аумағындағы көптеген мемлекеттердің Тәуелсіздік алуына жол ашып, дербес ел атануына едәуір мүмкіншіліктер туғызды. Бодандықтың…

Талап КҮШТІ, орындалуы ӘЛСІЗ

23.11.2018 0
Ембі қаласындағы кейбір кәсіпкерлік нысандардың қас-келбеті әлі де қала көркіне келісті болмай тұр. Жергілікті әкімшілік өз меншігіндегі нысандарды реттеуге құлықсыздық…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *