«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда келесі айдан бастап мүгедек адамдар жаңа жәрдемақы алады

Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 37 пайызға ұлғайтылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біріншіден, I топтағы мүгедектерге қарап жүрген адамдарға да жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 48 мың теңге болады. Осылайша, мүгедектігі бар азаматтар алып жүрген жәрдемақыға қоса, тағы 48 мың теңге алады», – деді Әукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, I-II топтағы мүгедек балалардың ауруына қарай жәрдемақының көлемі 16-37 пайызға көтеріледі.

«Осының арқасында I топтар үшін 65 мың теңгеге, ал II топтағы мүгедек балалардың жәрдемақысы 54 мың теңгеге дейін өседі», – деп атап өтті вице-министр.

Бұрын мүгедектігі бар балалар ата-анасынан айырылған жағдайда өз жәрдемақысын немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының біреуін ғана алып отыратын. Ал жаңа заңның аясында екі жәрдемақы да төленеді.

«Сонда мүгедек бала 48 мың теңге + 29 мың теңгені алатын болады», – деді Әукенов.

Осы өзгерістерді іске асыру үшін бюджеттен 2023 жылдың аяғына дейін 55 миллиард теңге бөлініп отыр.

«Келесі айдан бастап мүгедектігі бар адамдар және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа жәрдемақыны ала бастайды», – деді  Әукенов.

Сондай-ақ вице-министр мүгедек балалардың баспана кезегі кәмелетке толғаннан кейін де сақталатынын мәлімдеді.

«Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Әлі күнге дейін мүгедек балалары бар отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады», – деді

Айта кетсек, бұған дейін егер бала 18 жасқа толғанша тұрғын үй алмаса, онда ересек мүгедектігі бар адам ретінде кезекке қайта тұруға мәжбүр болатын.

Айта кетейік, өткен аптада сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бірнеше университеттің лицензиясы тоқтатылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2,3 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды

admin_mugalzhar

ҚАТАРДАМЫСЫҢ ЖАС САРБАЗ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.