«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Шәкірттер жеткізген жетістік

Жуырда Қандыағаш қалалық А. Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары республикалық байқаудан жүлдемен оралып, ауданның мерейін өсіріп қайтты.  

Орал қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен VІІ республикалық «Дала сазы» байқауына қатысқан аталған мектептің оқушылары өздерінің шеберліктерін танытты. Мәселен, «Саз отау» домбырашылар ансамблі, «Ерке наз» қобызшылар ансамблі, жеке орындаушылар Айда Кадын (қобыз класс), Жансерік Жеңісов (домбыра класс), бас жүлдені жеңіп алды. Ал Д. Тимурқызы мен А. Құлжанов І орынды, Ж. Жүсіпова мен О. Рай ІІ орынды, А. Исакенова, А. Жасенов, А. Анапина, С. Елемес ІІІ орынды иеленді. Осында өнерлі шәкірттерді тәрбиелеген А. Құлжанова, Б. Искарина, Э. Берденова «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Мая Құсайынова «Бейбітшілік әлемі» ХҚТБ-нің «Білім саласының үздігі» медалін, Балымбет Күзембаев аталмыш қордың «Үздік ұстаз» медалін алды.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Білім саласының өз ерекшелігі бар

admin_mugalzhar

«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ»: ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ ВНОСЯТ СВОЙ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ СЕЛА

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.