Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету басты назарда

740 0

Биылғы жылдың 18-ші қананындағы Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайбжановтың төрағалығымен Мұғалжар аудан прокуратурасында өткізілген жиналыстың хаттамасымен проблемалық мәселелерді шешу жоспарының 9.3 тармағын орындау мақсатында, қарашаның 20-ы күні Мұғалжар аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық №1,2 пробация бөлімі, аудандық жұмыспен  қамту  орталығы,  аудандық орталық ауруханасы, кәсіпкерлік бөлімі  басшыларымен  қатар пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – қылмыстық жазасын өтеген және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген тұлғаларға қатысты әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, жеке шаруасын ашу үшін тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және оларды қажеттілігі бойынша оқуға жолдауды ұйымдастыру мәселесі бойынша көмек көрсету.

Мұғалжар аудандық жұмыспен  қамту  орталығының мәліметі бойынша, жыл басынан бері есепте тұрған  6 азамат ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа , 4 азамат   «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, 15 азамат тұрақты жұмыс орнына орналастырылған.

Сондай-ақ, Мұғалжар аудандық орталық ауруханасынан қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген 40 азамат толық медициналық тексеруден өткен.

Отырыс нәтижесіне сәйкес, Мұғалжар аудандық прокуратурасының аға прокуроры С.С.Бертлеуов уәкілетті мемлекеттік органдарға жүргізіліп жатқан жұмыстарына алғысын  білдіріп,   жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Атап айтқанда, пробациялық бақылауда есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, заман талабына сай әртүрлі мамандықтар алу, тегін медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша жиі кездесу жұмыстарын өткізу қажеттілігін атап өтті.

Мұғалжар ауданның прокуратурасы

 

 

 

 

Оқи отырыңыз

Тұмаумен ауырмаудың жолы — вакцина

09.10.2017 0
2017-2018  жылдың эпидемиологиялық маусымында А (H1N1 және H3N2) және В типті тұмау вирусының айналымы болжануда. Тұмау вирусының айналымы желтоқсан айынан…

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары

26.01.2018 0
Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткер Ермағамбетов Камшат Камалұлы сайлауалды бағдарламасы: Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және…

Конкурс

06.12.2017 0
Мұғалжар ауданы әкімдігі 2017 жылдың 24 қарашасында  өткен ауыл шаруашылығы мақсатына жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстың  қорытындысын жариялайды: №1…

Внимание!

07.02.2018 0
Согласно статье 616 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) по всем делам и…

Назарларыңызға!

07.02.2018 0
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 616 бабына сәйкес соттарда барлық iстер…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *