«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету басты назарда

Биылғы жылдың 18-ші қананындағы Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайбжановтың төрағалығымен Мұғалжар аудан прокуратурасында өткізілген жиналыстың хаттамасымен проблемалық мәселелерді шешу жоспарының 9.3 тармағын орындау мақсатында, қарашаның 20-ы күні Мұғалжар аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық №1,2 пробация бөлімі, аудандық жұмыспен  қамту  орталығы,  аудандық орталық ауруханасы, кәсіпкерлік бөлімі  басшыларымен  қатар пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – қылмыстық жазасын өтеген және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген тұлғаларға қатысты әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, жеке шаруасын ашу үшін тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және оларды қажеттілігі бойынша оқуға жолдауды ұйымдастыру мәселесі бойынша көмек көрсету.

Мұғалжар аудандық жұмыспен  қамту  орталығының мәліметі бойынша, жыл басынан бері есепте тұрған  6 азамат ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа , 4 азамат   «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, 15 азамат тұрақты жұмыс орнына орналастырылған.

Сондай-ақ, Мұғалжар аудандық орталық ауруханасынан қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген 40 азамат толық медициналық тексеруден өткен.

Отырыс нәтижесіне сәйкес, Мұғалжар аудандық прокуратурасының аға прокуроры С.С.Бертлеуов уәкілетті мемлекеттік органдарға жүргізіліп жатқан жұмыстарына алғысын  білдіріп,   жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Атап айтқанда, пробациялық бақылауда есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, заман талабына сай әртүрлі мамандықтар алу, тегін медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша жиі кездесу жұмыстарын өткізу қажеттілігін атап өтті.

Мұғалжар ауданның прокуратурасы

 

 

 

 

Ұқсас ақпараттар

Билл Гейтс айтқан 7 өзгеріс

admin_mugalzhar

АҚШ-та алғаш рет науқасқа биомеханикалық жүрек орнатылды

admin_mugalzhar

Сайрамдық тұрғын үйінің шатырын музейге айналдырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.