«Қазпошта» жаңа форматта қызмет көрсете бастады

711 0

Бүгін «Қазпошта» АҚ-ның Мұғалжар аудандық филиалында ашық есік күні өтті. Онда зейнетақылары мен жәрдемақыларын және пошта саласының өзге де қызметтерін алуға келген тұтынушыларға поштада көрсетілетін жаңа қызмет түрлері таныстырылып, баспасөзге жазылу науқаны жүргізілді. Шараның барысында тұтынушыларға арнап дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.

Биылғы жылы «Қазпошта» АҚ-ның аудандық филиалының ғимаратына заман талабына сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңғыртылды. Мұнда қазір жергілікті тұрғындар қызмет алу үшін бұрынғыдай аяқтарынан тік тұрып кезек күтпейді. Электрондық кезекке тіркеліп, кезегі келгенше арнайы орында күтеді. Жалпы пошта байланыс торабында барлығы цифрлық жүйеге көшірілген.

«Қазпошта» АҚ-ның аудандық пошта байланыс торабының басшысы Рсалды Құрманованың айтуынша, соңғы жылдары көрсетілетін қызметтердің түрлері көбейді. Мәселен, клиентерге кеңес беру, шарттар жасау, республика бойынша және елімізден тыс жерлерге сәлемдемелерді жөнелту, қабылдау, хаттар мен бандерольдерді қабылдау және беру, Қазақстанның тыс жерлерінен ұсақ пакеттерді, мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды, гибридтік жөнелтімдерді қабылдау, пошталық төлемдер белгілерін сату қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар, қаржылық қызметтер бойынша есеп айырысу кассалық, зейнетақы, жәрдемақы,ақша аударымдары, трансфер-агентік, брокерлік, валюта айырбастау қызметтері, коммуналдық және басқа да төлемдерді, бюджеттік төлемдер қабылдау,  төлем карталары арқылы операциялар жүргізу жасалады. Теміржол, авиа билеттерін де осында рәсімдеп алуға болады. Еліміздегі «Альфа, «Хоум кредит» банктерінен несие рәсімдеу қызметтері де осында. Бонкомат, поштамат, төлемтерминалдары да бар. Және айта кету керек, биылғы жылдан бастап Қандыағаш қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, мұнда жан-жаққа баратын пойыздармен транзит ретінде де қызметтер ұсынылады. Ол үшін пошта байланыс торабында тәулік бойы жұмыстар жүргізіледі.

Аталған жаңартылған жүйенің барлығы келген клиенттерге түсіндірілді. Зейнетақы және жәрдемақы алуға келіп, кезекте тұрған қала тұрғындарына пошта байланыс торабының атынан сыйлықтар таратылды. Ал мерзімді баспасөзге жазылу науқанына байланысты 3 газетке жазылғандарға ерекше сыйлықтар табыс етілді.

Әнуар ЕСҚАРА

Оқи отырыңыз

Ұстаз есімі – мектеп төрінде

16.11.2017 0
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектептердегі кабинеттерге елеулі жандардың есімін беру ісі Басшилі ауылындағы…

«Борышкер»

23.11.2017 0
Мұғалжар ауданында осындай атаумен жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген тұлғалардан айыппұлды өндіру мақсатындағы акция…

Сессияда 9 мәселе қаралды

31.01.2018 0
Жуырда Мұғалжар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Оған аудандық мәслихаттың 14 депутатынан 10 депутат қатысты.  Аудандық мәслихаттың…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *