«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Андрей Карпович футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан футбол федерациясы басшылығының шешімімен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды.

Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлерге Қазақстан құрамасындағы ойындарынан жақсы таныс. Ол ойнаған ойындар бойынша ұлттық құрама рекордсмендерінің бестігіне кіреді (55), оны бірнеше рет капитан ретінде алаңға шығарды. ҚФФ баспасөз қызметі

Карпович клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ ресейлік «Ростсельмаш» және «Динамо» командаларында ойнады».

Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастады, содан кейін екі жыл «Оқжетпесті» басқарды. 2021 жылдың басынан бері «Қызыл-Жар СК» командасының бас бапкері.

Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда өтетін Молдова құрамасымен сырт алаңда өтетін ойын болмақ. ҚФФ баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

ӨРТ — АЙТЫП КЕЛМЕЙТІН АПАТ

admin_mugalzhar

АУДАН ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

6 қазанда АЭС бойынша референдум өтеді – Тоқаев

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.