Толғандыратын ортақ іс, ортақ мәселе

1132 0

Өткен жылмен салыстырғанда Мұғалжар ауданында қоғамдық орындар мен көшелердегі орын алатын қылмыс көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы бүгін аудандық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессиясында аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Алтай Аманжолов депутаттар алдында берген есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Мұғалжар» газетінің тілшісі.

Оның айтуынша,  үстіміздегі жылы жергілікті полиция қызметі әр түрлі әкімшілік құқықбұзушылыққа байланысты 6 539 хаттама толтырып, 982  істі сот қарауына жолдаған. Көлемі 30 млн. теңгеге жуық айыппұл салып, 20 млн. теңгесін өндірген. Жалпы аудандағы қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде былтырғы көрсеткіш едәуір төмендеп отыр. Алайда, отбасылық және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық әлі де болса саябырсымай тұр.

Сессия барысында халық қалаулылары ауданның төтенше жағдайлар саласында атқарылған жұмыстардың және онда туындап отырған мәселелерінің мән-жайымен де танысты. Ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бауыржан Баядиловтың айтуынша, аудан аумағында табиғи және техногендік төтенше жағдайлар орын алу мүмкіндігі бар. Осыған байланысты, қарапайым халықты және қызметкерлерді төтенше жағдайлар қызметін іс жүзінде дайындау мақсатында аудан әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес, арнайы және авариялық жаттығулар өткізілген.

Бөлімнің ақпараттық есепке алу кітабына биылғы жылы 249 төтенше жағдайға қатысты мәлімет тіркелді. Оның ішінде 41 өрт оқиғасы, 13 автокөлік апаты, 5 қыс кезінде адам жоғалу, 66 далалық құрғақ шөптердің жануы, 24 авариялық құтқару қызметі, 100 өрт есебіне жатпайтын және басқа да оқиғалар тіркелген. Тіркелген материалдың 77-і қылмыстық белгілерінің болуының себебінен аудандық ішкі істер органына тергелу үшін жолданған.

Бауыржан Сейітқалиұлының айтуынша, қыс мезгілінде  жолда қалған жолаушыларды құтқаруға ауданға жол талғамайтын көлік ауадай қажет болып отыр. Себебі, қыстағы боранды күндері шалғайдағы елді мекендерге қатынас жол қиындайды. Ал мұндай кездері жолға шығып жолда қалғандарға дер кезінде құтқару шарасын ұйымдастыру үшін қолдағы бар техникалар қауқарсыз. Сондықтан бұл мәселе биылғы қыста шешілу қажет. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде осы сынды қаражатқа иек артып отырған мәселелер баршылық. Бөлім басшысы мұның барлығын депутаттарға ұсыныс ретінде жеткізді.

Аудандық мәслихаттың депутатты Әбілбай Жукашовтың төрағалығымен өткен сессия отырысында 2018-2020 жылдарға арналған Мұғалжар ауданының бюджетін бекіту және өзге де бірқатар мәселелер қаралды.

Әнуар ЕСҚАРА    

Оқи отырыңыз

Рәміздерді құрметтеу — әр азамат парызы

08.11.2018 0
Тұғырлы тәуелсіздігін еншілегеніне жиырма жеті жылдан асқан Қазақстан Республикасының еркіндігін сипаттап, елдігін танытатын, егемендігі мен біртұтастығын мейлінше нақтылай түсетін мемлекеттік…

Білім саласының өз ерекшелігі бар

16.01.2018 0
Таяуда Мұғалжар ауданына келген Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова ауданға қарасты жалпы білім беру мекемелерінің басшыларымен…

Азаматты ісіне қарап таны

13.09.2018 0
Ұлы Абай даналығындағы «адам бол — мал тап» дегеннің мағынасын терең түсінгендерге еңбек ете білудің маңызы зор. Себебі, адал еңбекпен…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *