«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тұрғындар сауалы назарға алынды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов Мұғалжар ауданында болды. Өңір басшысының орынбасары жұмыс сапары барысында аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылғандар жергілікті жердің ортақ мүддесіне қатысты сауалдарын қойды. Мәселен, қабылдауға келгендердің бірі Ақкемер ауылдық округіне қарасты Елек ауылында жылдан жылға балалар санының артуына байланысты жаңа мектеп пен балабақша салуын сұраса, бірі Қандыағаш қаласының көшелерін көркейту, жолдарын жөндеу жөнінде ұсыныстарын білдірді. Ал аудандық мәслихаттың депутатты, Қандыағаш қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Сергей Ведюшкин ауданның спорт саласын дамыту үшін спорт мектебіне әлі де болса спорттық құрал-жабдықтардың қажеттілігін көтерді. Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қыдырбек Әбішев ауруханаға күрделі жөндеу жұмысының жүргізілуіне жергілікті атқарушы биліктің ықпал етуін сұрады.  Жеке кәсіпкер Бақытжан Қадыралиннің өтінішін арқалай келген Ақмарал Жанесова «Жастық» мөлтек ауданындағы құрылыс жұмыстары аяқталған №18,19 көпқабатты тұрғын үйлерді мемлекет меншігіне өткізіліп, пәтер кезегінде тұрғандарға берілуін ескерулерін сұрады.

Қабылдауда айтылған ұсыныстар мен қойылған сауалдарды облыс әкімінің  орынбасары Асқар Биахметов назарға алып, бақылауда болатындығын ескертті. Сонымен қатар, осы бағытта аудан әкімі Ербол Данағұловқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Ұқсас ақпараттар

Сессияда 9 мәселе қаралды

admin_mugalzhar

200-ден астам мұғалжарлық баспаналы болады

admin_mugalzhar

Мұғалжарлық шаруа қожалығы басшысы Өзбекстанда өткен форумға қатысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.