ҰБТ-да тағы өзгеріс

1681 0

Биыл мектеп бітіруші түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ-ны төрт мәрте тапсыра алады. Мерзіміндегі жаңа өзгерістерге сәйкес түлектердің білімі сыналар алғашқы кезең қаңтар айында өтеді деп белгіленіп отыр. Мұның жай-жапсарын Мұғалжар аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жайнагүл Есқалиқызынан білдік.

 «МҰҒАЛЖАР»: Білуімізше, биылғы жылғы ҰБТ-ға қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірқатар өзгеріс енгізіп отыр. Осы жайында айтып өтсеңіз…

 Ж.ЕСҚАЛИҚЫЗЫ: Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу форматында өткен жылғы жүйе толығымен сақталады. Дегенмен, тестілеуді өткізу мерзіміне орай, жаңа өзгерістер енгізілді. Айта кету керек, былтырғы жылы ҰБТ-ны тапсыру екі кезеңді қамтып, түлектердің барлығы да мамыр-маусым айларында өз мектептерінде емтихан тапсырып, ал маусым-шілде айларында тек жоғары оқу орнына түсуге ниеттілері ғана сынақтан өтті. Межелі балды жинай алмағандар мен дәлелді себеппен тестілеуге қатыса алмағандар тамыз айында тапсырды. Ал осы жылғы ҰБТ тапсыру науқаны тіпті бөлек болғалы тұр. Енді талапкерлер өз білімдерін 4 рет сынап көру мүмкіндігіне ие. Яғни, олар қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында ҰБТ-ны ерікті түрде тапсыратын болады. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін сынақтардың әр тапсыруы 2 242 теңгені құрайды.

«МҰҒАЛЖАР»: Мерзімге енгізілген жаңа өзгеріс бойынша түлектер нені ескеруі керек?

Ж.ЕСҚАЛИҚЫЗЫ: Жалпы жаңа жүйе бойынша ескеретін жағдай —  қаңтар, наурыз және тамыз айларында ҰБТ тапсырған талапкерлер білім беру гранттарына үміткер бола алмайды. Ал тестілеулердің нәтижесін танытатын сертификаттар өз күшін жоймайды. Онымен, тек ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік берілмек. Ал конкурсқа түсіп,  грантқа таласу үшін маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ға қатысу қажет.

«МҰҒАЛЖАР»: ҰБТ тапсырудың алғашқы мерзімі таяп келеді. Талапкерлердің дайындықтары қалай?

Ж.ЕСҚАЛИҚЫЗЫ: Қазір талапкерлердің дайындықтары тек онлайн байқау тестілеуі арқылы пысықталып жатыр. Бұл да биылғы жылға кіріктірілген өзгерістің бірі. Сонымен қатар, қаңтар және наурыз айларында өтетін ҰБТ-ны талапкерлер өздерінің тұратын жерінен бөлек, облысымыздың өзге аудандарына барып тапсыра алады. Мәселен, жуырда өтетін тестілеудің алғашқы мерзімі бойынша Ақтөбе қаласына және Хромтау, Мұғалжар, Шалқар аудандарындағы пункттерде тапсыру мүмкіндігі бар. Осыған орай, Қандыағаш  қаласына Байғанин ауданынан 35 түлек, Темір ауданынан 21 түлек келіп қатысқалы жатыр. Ал Мұғалжар ауданы бойынша биылғы жылғы мектеп бітіруші 440 түлектің  149-ы ерікті түрде өз білімдерін сынап көрмек.

«МҰҒАЛЖАР»: Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан: Алтын СҮЛЕЙМЕН

Оқи отырыңыз

Бір жылда атқарылған жұмыс қағазсыз баяндалды

07.02.2019 0
Қаңтардың бел ортасында басталған Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұловтың тұрғындар алдындағы есебі кеше Қандыағаш қаласында қорытындыланды. Қаладағы «Сұлтан» мәдени-демалыс кешенінде…

Көгілдір отын — тұрғындар қуанышы

15.11.2018 0
Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір бекетін газдандыру жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындары ауылға келген көгілдір отынды үйлеріне кіргізуге…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *