«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰМЫС ТОБЫ«СПИРТ ЗАУЫТҚА»ТАҒЫ БАРДЫ

Кеше аудандық мәслихат хатшысы Роза Мүсенова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Жұмагүл Асабаева және «Мұғалжар» газетінің тілшілері «спирт зауыттың» қалдықтары төгілетін полигон алаңына тағы барды. Оған себеп — соңғы күндері аталған зауыттан шығатын жағымсыз иістің түн ауа қалаға жайылып, халықтың мазасын алуы.
Полигон басына жиналғандар аталған мәселенің мән-жайын «Кентавр» ЖШС-і директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Насырбек Ниязовтан сұрады. Ол бүгінде зауыттың жұмысы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тоқтап тұрғанын айтты. Ал сасық иістің көтерілуін өндіріс қалдықтары төгілетін буландырғыш тоған аймағының «фугат» төгілетін 1-ші картасын қалдық судан құрғатужұмыстарымен байланыстырды.
— Осы уақытқа дейін бірінші картаға фугат төгілген болатын. Бүгінде оның бетіне жиналған техникалық қалдық суы өзге картаға құйылды. Енді түбіне шөккен фугаттың тұнбасын арнайы техникалармен қырып алып, келер жылы егілетін егін алқабына тыңайтқыш ретінде тастап, топырақпен араластырамыз. Қырылған фугатты көтеру жұмыстары кезінде, яғни, алдағы он бес күндікте бұл жердің иісі қатты шығатын болады. Тек карта орны толықтай кепкен сәтте ғана иіс біршама басылады. Сонымен бірге 2-ші картадағы суды да тазартып жатырмыз. Бұл жерге де 1-ші картаға жүргізілген жұмыстар жасалатын болады, — дед ол.
Шын мәнінде 1-2-карталар қалдық судан құрғатылған. Тоған аймағындағы біз көрген 3-4-ші карталарғажағымсыз иісті азайтатын бактериялар (хлорелла) жіберілген. Бұл жерден сасық иіс аса байқалмайды. Ал 5- 6-шы карталарға техникалық қалдық сулар құйылады. Аталған техникалық қалдық сулармен биыл егілген егін алқаптары суарылуда. Осы жылы көктемде 250 гектар жерге «Рахат» ШҚ-ы бидай шөбін (житняк), 200 гектаржерге «Кентавр» ЖШС-і судан шөбін еккен болатын. Жұмыс тобы осы алқаптарға да барып, егіннің де жайын көрді. «Кентавр» ЖШС-і еккен алқапта судан шөбі тізе бойлап өсіп тұр. Ал «Рахат» ШҚ-ның алқабынан әзірге егіннің нышаны байқалмайды. Бірақ зауыт өкілдері бұл жерде 10-15 күндікте бидай шөбінің өсіп шығатынын айтып сендірді. Зауыт өкілі бүгінде өсіп тұрған судан шөбін осы жылы екі мәрте орып алуды жоспарлап отырғанын айтты.
Бұдан кейін жиналған топ ескі полигон аймағына да ат басын бұрды. Биылғы жылдың басында полигон орнында болған аудан әкімі иіс шығып тұрған қалдық төгілген орындардың бетін техникалық полиэтилен пакетпен және топырақпен қайта жабуға тапсырма берген еді. Қалдықты қайта жабу жұмыстары жүргізілген. Десе де, дәл бүгінгі таңда кейбір ашылып қалған орындардан да жағымсыз иіс сезіледі. Жұмыс тобы бұл олқылықты тез арада жоюға тапсырма берді.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АҚКЕМЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурыздан бастап күшіне енеді

admin_mugalzhar

ДДҰ қандай жағдайда маска тағу керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.