Байқаңыздар, қызылшадан қауіп төнді…

1986 0

Астанада 100-ге жуық бала, 50-ге жуық ересек қызылша ауруымен ауруханаға түсті. Ал Ақтөбе облысында бұл дертті жұқтырған биыл 14 жасқа дейінгі 7 бала анықталып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда медицина саласының мамандары алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мұғалжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

 Мұғалжар аудандық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нұркен Өтегеновтың мәліметінше, ауруды жұқтырған науқас балалардың екеуі денсаулығына байланысты медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша алдын ала екпе алмаған. Қалған бесеуі 1 жасқа толмаған сәбилер. Бүгінде анықталған бұл балалардың барлығы да стационарлық ем-дом алып, олармен байланыста болған адамдарға медициналық бақылау белгіленген. Ақтөбе облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары қызылша ауруына қарсы егілмеген балаларды анықтау жұмыстарына кіріскен. Ондағы мақсат – жұртты беймаза қылып, әбігерге салған жұқпалы ауруға дер кезінде тұсау салып, оның одан әрі белең алып, таралып кетпеуіне шектеу қою. Мамандар бұл ретте қызылшаға қарсы егілмеген балаларды вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды да жүргізуде.

— Дене қызуының жоғарылауымен, катаральды құбылыстармен сипатталатын қызылша ауруы — жұқпалы вирустық  ауруға жатады. Бұл аураға шалдыққан адамда мұрын, тамақтың ауруы, жөтел және бет, мойын, дененің, аяқтың, одан әрі бүкіл денеге ағатын дақты-папулезді бөртпелер, ауыз қуысындағы ақ және қызыл дақтар байқалады. Қызылшаның алдын алмай, дер кезінде ем қабылданбаған жағдайда, асқыну пайда болып, науқасты отит, пневмония, энцефалиттер, тіпті өлімге де алып келеді. Жұқтырғаннан кейінгі инкубациялық кезең 7-18 күн ішінде жүзеге асады,, — дейді Мұғалжар аудандық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нұркен Өтегенов.

Оның айтуынша, қазірде Еуропа өңірінде және Қазақстанмен көршілес мемлекеттерде қызылша дертіне шалдыққандардың саны артуда. Денсаулық сақтау министрлігі аурушаңдықтың өсуі халықты вакцинациялаудың төмен деңгейімен байланыстырып отыр. Сондықтан, мамандар қызылшадан жалғыз және тиімді қорғау әдісі – вакцинация болып табылатындығын айтады. Сонымен қатар, әр түрлі жағдаймен балаларына екпе жасатпаған ата-аналарға балаларын адамдар көп жиналатын жерлерге шығармауға кеңес береді.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

 

 

Оқи отырыңыз

Такси: 800 теңге

09.01.2019 0
Мұғалжар ауданында Қандыағаш-Ақтөбе бағытына жолаушылар тасымалдайтын такси көліктерінің жолақысы 800 теңгеге қымбаттады. Күні бүгінге дейін аудан орталығынан облыс орталығана жолаушыларды…

Ұстаздық – ұлы құрмет

06.10.2017 0
Бүгін ұстаздар мерекесіне орай, ауданда «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі» атты ауқымды мерекелік шара өтіп, мерейлі мереке иелерінің басы қосылды.…

3 елді мекенге ауызсу кіргізілді

21.11.2017 0
«Нұрлы жол» бағдарламасымен ауданға қарасты 3 елді мекенге ауызсу кіргізілді. Енді аталған ауылдың тұрғындары су тасып әлек болмайтын болды. Аудандық…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *