«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Астанада көмек шақыруға арналған 101, 102, 103 нөмірлері бір нөмірге біріктірілмек

Елордада полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдайлардағы қызметтердің нөмірлері бір нөмірлерге біріктіріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында iKomek орталығының басшысы Жәннат Дүбірова орталық 2018 жылдың қаңтар айында құрылып, барлық коммуналдық қызметтердің және қалалық басқармалардың, атап айтқанда 4 аудандық әкімдіктің, 17 қалалық әкімдік басқармаларының, 33 коммуналдық және апаттық қызметтерінің, 81 лифт шаруашылықтарының нөмірін 1-0-9 нөміріне біріктіргенін атап өтті. «Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, осы қызметті белсенді түрде пайдаланады. Сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдап отырады», — деді ол. Өз кезегінде тілшілердің сұрағына жауап берген iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин алдағы өзгерістер туралы айтып берді. «Адам өміріне қауіпті жағдайлар бойынша 101, 102, 103 және 112 нөмірі бар. Осы барлық нөмірлерді алдағы уақытта Астана және барлық елді мекендерді 112 нөміріне біріктіру жоспарланып отыр. Мерзім бойынша осы жылдың екінші тоқсанында бұл жұмыс іске асырылады деп күтіліп отыр. Әртүрлі апатты жағдайда да осы қызметтердің бәрі үйлестіріліп, барлық қызмет бір нөмір арқылы көрсетілетін болады», — деді Ақан Нұрғожин.

Ұқсас ақпараттар

СВЕТЛЫЙ ПУТЬ Сапара Сагинтаевича

admin_mugalzhar

АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды

admin_mugalzhar

Тоқаев шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заңға қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.