«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дені сау ұрпақ – ана денсаулығынан

Жүктілікті алдын ала жоспарлау ана мен бала денсаулығы үшін аса маңызды. Десек те, қазір өз денсаулығына салғырт қарап жүрген әйелдер арасында жоспарсыз жүктіліктің белең алып тұрғандығы ақиқат. Әрі бұл немқұрайлылықтың салдары әйелдерде жасанды түсік пен әупірімдеп дүние есігін енді ашқан жас сәбилердің әлжуаздығы мен кемтарлығына алып келуде. Қоғамда өзектілігін жоймай келе жатқан осы бір түйткіл жайында Қандыағаш қаласындағы «Денсаулық» медорталығының гинеколог дәрігері Айсұлу Жанаевамен сұхбаттасқан едік.

 «МҰҒАЛЖАР»: Жүктілікті жоспарлау не үшін қажет және оның мақсаты қандай?

А.ЖАНАЕВА: Болашақ аналар жарық дүниеге бауыр еті – баласын алып келместен бұрын, өз денсаулықтарына ерекше назар аударып, жүктілікке жоспарлы түрде келгендері дұрыс. Жалпы жүктілікті жоспарлау —  болашақ ата-аналарды сауықтыру, ағзаны жүктілікке дайындау, салауатты өмір салтын ұстану сынды кезеңдерден тұрады. Әрбір кезеңнің дайықтарын бұлжытпай орындау – ана мен бала денсаулығының бірден-бір кепілі саналса, ал оның басты мақсаты – дүниеге дені сау баланың келуіне мүмкіндік беруді көздейді.

 «МҰҒАЛЖАР»: Жүктілікке жоспарлы жолмен келмеудің салдары неде? Әйелдердің жоспарсыз жүктілігі сәбилерде қандай аурулардың пайда болуына себеп болады?

А.ЖАНАЕВА: Медициналық тұрғыда, бұл дегеніңіз – жоспарсыз жүктілікке жатады. Ал жоспарсыз жүктілік, әдетте, жауапкершіліктің жоқтығынан туындайтын бүгінгі қоғамның ең күрделі мәселесі болып тұр. Соңғы екі-үш айда біздің орталығымызға келіп тексерілген жоспарсыз жүктіліктің саны 28 пайызды құрады. Аз уақыттың ішінде бұл едәуір үрей туғызарлық нәтиже. Мұның өзі, орын алып отқан аталмыш мәселеге ерекше ден қоюды, оның алдын алуды талап етеді. Біз жоғарыда айтып өткен жүктілікті жоспарлаудың үш кезеңіндегі әрбір дайындық сатылары жоспарсыз жүктілік кезінде мүлдем ескерусіз қалады. Демек, мұндайға жол берген әйел адамның денсаулығы да беймәлім деген сөз. Бүгінде жүктілікті үзіп, жатырын тазартатындардың барлығы да жүктілікке жоспарсыз түрде келген әйелдер. Мұндай салғырттықтың салдарынан қазір дамымаған жүктілік көбейіп кетті.  Ананың жатырында жатқан баланың бойында физиологиялық ауытқулар (аутизм, даун синдромы, церебралды паралич (ДЦП)  тағы да басқа түрлі ақаулар жиіледі. Медицинада мұны жүктілікке дейін әйелдің созылмалы аурулары емделмегендігімен, иммунитетінің әлсіздігімен байланыстырамыз. Сонымен қатар, қазір экологияның әсері мен азық-түліктің сапасыздығы да бұл мәселеге себеп болуда.

 «МҰҒАЛЖАР»: Дүниеге дені сау баланың келуі үшін әйелдерге ең алдымен нені білген жөн? Қандай кеңес бересіз?

А.ЖАНАЕВА: Әйелдер жүктілікке дайындықты кем дегенде үш ай бұрын бастаулары қажет. Медициналық тексерістен толық өтіп болған соң, олардың жағдайы дәрігер мамандарға мәлім болары анық. Тексерулерге біріншіден ата-ананың генетикалық үйлесімділікке  қан тапсыруы жатады. Сонымен бірге АИД қан тапсыруы, гепатитке, жыныстық жұқпалы ауруларға керекті тексерулер – хламидиоз, уреплазмоз, стрептококк, трихомониаз, гонорея және т.б. ауруларға қан тапсыру қажет. Егер тексеріс нәтижесінен ауру анықталынған болса, онда олар дереу ем-домын алып, тұрақты емделулері тиіс. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден де түбегейлі арылған маңызды. Міне, бұлар — жоспарлы жүктілікке аттайтын ең алғашқы қадамдардың бірі болмақ. Сонымен қатар, дайындық кезеңінде ағзаға қажетті витаминдердің де жеткілікті болуын қатаң қадағалау керек. Әйелдер өздерін бүтін бір қоғамның айнасы екендігін жіті түсулері тиіс. Дені сау ұрпақ – қашанда жарқын болашаққа бастайды. Сондықтан әрбір әйел заты өз денсаулығына неғұрлым байыпты қарап, дәрігердің кеңесіне жүгінгенсе дұрыс болады.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Ұқсас ақпараттар

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

В СЕЛЕ АЩЕСАЙ ЗАПУЩЕНА СЕТЬ ИНТЕРНЕТ 3G

admin_mugalzhar

«Қызыл» аймақтағы өңірлер белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.