Мұғалжарлықтар Жолдауға қолдау білдірді

434 0

Кеше аудандық Мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылауға арналған актив отырысы өтті.

Ел халқының әл-ауқатын одан әрі көтеріп, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған Президенттің алғашқы Жолдауы 5 бөлімнен тұрады. Атап кетсек, заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер, қуатты ел. Жолдаудағы бұл бес бөлімде халықтың әлеуметтік ахуалынан бастап қазіргі уақыттағы өзекті деп танылған барлық мәселелер қамтылған. Актив отырысының мінберіне шыққан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлім Жаймова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрания Аймағамбетов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының кординаторы Ілияш Ниязова, Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер Аманжол Адаев, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлнар Жанабергенова, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің тәлімгері Берік Ахмет сол бес бөлімде межеленген міндеттердің маңыздылығы жайында өз ойларын білдірді. Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының айтуынша, аталған биылғы Жолдауды тұрғындарға насихаттау мақсатында ауданда арнайы ақпараттық жұмыс тобы құрылған. Олардың әр қайсысының топ жетекшілері, жоспарлары бекітіліп берілген. Ақпараттық жұмыс топтары алдағы уақытта қала және елді мекендерді, мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарын аралап, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болатын Жолдауды түсіндіретін болады.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»      

Оқи отырыңыз

Жаңа спорт зал берілді

30.11.2017 0
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ембі қалалық №4 орта мектебі жанынан спорт зал ашылды. Көлемі 507,4 метр шаршы метрлік жаңа…

Район к зиме готов на 80%

13.09.2018 0
Одно из главных направлений работы в наших климатических условиях, безусловно — это обеспечение стабильной работы систем жизнеобеспечения в отопительный период.…

БІЗ ДАЙЫНБЫЗ!

12.10.2017 0
Бүгін Мұғалжар ауданында «Жер-2017» республикалық командалық штабтық оқу жаттығыу өтті. Жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде жұмылдырылатын күш құрылымдары мен техникалардың…

Қандыағашта жол апаты болды

26.11.2017 0
Кеше Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаштың бас көшесінің бірі «Интернациональный» көшесінде жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан 15 адам ауруханаға түсті. Жол…

Көгілдір отын — тұрғындар қуанышы

15.11.2018 0
Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір бекетін газдандыру жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындары ауылға келген көгілдір отынды үйлеріне кіргізуге…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *