«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұрлыгүл Көшекбаева Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Белгілі журналист Нұрлыгүл Көшекбаева Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Mugalzhar.kz тілшісі.

Осыған дейін Нұрлыгүл Бердіханқызы облыстық Aqtobe арнасында директордың орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлыгүл Көшекбаева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын республикалық «Алтын Орда» газетінде бастаған ол кейін облыстық телеарнаның ақпараттар қызметінде еңбек етті.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әр жылдардағы әкімдері Елеусін Сағындықов, Архимед Мұхамбетов және Бердібек Сапарбаевтың баспасөз қызметкері лауазымында болды.

Mugalzhar.kz сайты мен «Мұғалжар» газеті редакцияларының ұжымы Нұрлыгүл Көшекбаеваға жаңа қызметте сәттілік тілейді.

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық банк «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарын айналымға шығарды

admin_mugalzhar

201 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.