«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛУДА

85 үйі, 512 тұрғыны бар Шеңгелши ауылына өткен жылы «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында орталықтандырылған ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталған болатын. Ауыспалы кезеңмен басталған жұмыстар биылғы жылы аяқталатын болады. Ауыз су қоры Батпақкөл ауылдық округінің орталығы Жағабұлақ ауылынан тартылуда. Су тарту жұмыстарын «СМУ Шығыс» ЖШС-і мен «ЭлитСтройСервисАктобе» ЖШС-гі жүргізуде.

Қазіргі таңда ауылішілік жүйелердің желілері тартылды. Су тарту жұмыстарын жүргізіп жатырған мердігер «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның көмегімен арнайы 50 тонналық кран әкеліп, су мұнарасын (водонапорная башня) қондырды. Жуық арада осы жұмыстар жалғасып, Шеңгелши ауылындағы 85 үйге су кіргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайтарылды

admin_mugalzhar

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АРДАҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚМДБ: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

admin_mugalzhar