«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде дүкенге келушілер дезинфекциялық «душ» қабылдайтын болады

Ақтөбеде гипермаркетке келушілер бастан-аяқ дезинфекция жасайтын туннельден өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Асхат Шахаров қаладағы азық-түлік орындарының жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Хайдар Ильясов аймақ басшысына өз күшімен жасаған залалсыздандыру туннелінің жұмысын көрсетті.

Арнайы құрылғы «Дина» гипермаркетінің алдына орнатылған. Оның жоғары жағында сұйықтық бүркіп тұрады. Кәсіпкердің айтуынша, осы арқылы дүкенге келушілер дезинфекцияланады.

Оңдасын Оразалин қала әкіміне мұндай жабдықтар санын арттыруға және оларды барлық супермаркеттер мен қала базарларының алдына орнатуға көмек көрсетуді тапсырды.

Мәлім болғандай, Хайдар Ильясов бұл құрылғыны Түркия өнертапқыштарының тәжірибесі негізінде жасаған.

Ұқсас ақпараттар

Киіз басып, текемет тіккен әже

admin_mugalzhar

Соңғы күндері бірде-бір коронавирус жағдайы тіркелмеген қала аталды

admin_mugalzhar

В ДУХЕ НАРОДНЫХ ТРАДИЦИЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.