«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Есепшот ашу мәселесі. Еңбек министрі банктерге үндеу жасады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингінде банктерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір 42 500 теңге алуға өтініш білдіретіндердің банктерде есепшоты болмағандықтан қиындық туып жатыр. Осы орайда министр өтінішті ешқандай есепшот көрсетпей, тапсыра беруге болатынын айтты.

«Өтінішті берген кезде біз сізге 42 500-ді бір жерге төлеуіміз керек. Сондықтан өтінішті бергенде есепшотты көрсету қажет. Біз ол ақшаны аударуымыз керек. Біраз азаматтарымызда осындай есепшоттары жоқ екен. Ешқашан өмірінде есепшот ашпаған. Біздің азаматтар үлгермей қалатын болдық деп банктерге жүгініп жатыр. Өз кезегінде банктер де наразылық білдіріп жатыр», — деді Нұрымбетов.

Министр бұл мәселе бір-екі күнде шешілетінін ескертті.

«Бір-екі күнде мынадай өтініш енгіземіз. Сіз өтініш берген кезде банкте шотыңыз болса, шотты көрсететін жерге ештеңе көрсетпейсіз. Астында ескерту тұрады. Біз өтінішіңізді қабылдаймыз. Сіз бәріне сай келіп тұрсыз. 42 500 теңгені тағайындаймыз. Сіз шотты бергенше бір айға дейін күтеміз. Шотыңызды алған соң тағайындалған төлемді аударамыз. Мүмкіндік болса, өтінішіңізді беріп қойып сосын асықпай есепшотыңызды алуға болатын жағдайды қазір қарастырып жатырмыз. Бір-екі күнде сондай шешімді порталдарға енгіземіз. Бірақ біз есепшотыңызды бергенше күтеміз», — деді Нұрымбетов.

Осы орайда министр банктерге халыққа көмектесу үшін үндеу жасады.

«Банктерге үндеу жасағым келіп отыр. Қазіргі осындай қиын кезеңде біз секілді бір терезеден халықтың өтінішін қашықтан қабылдап, олардың мәліметтерін алып, есепшотын сырттай енгізіп, карталарын әзірлеп, үйіне жеткізіп беру әрекеттерін жасауға болады. Соған мен шақырамын. Қазір Қазпошта, Халық банк те сонымен айналысып жатыр. Басқа банктерді де осы бізбен бірлесіп, халыққа көмектесіп, осындай әрекет жасауға шақырамын», — деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін министр 42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтінішті екі портал және Telegram-бот арқылы беруге болатынын айтқан болатын.

Ұқсас ақпараттар

Үкіметте кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкін

admin_mugalzhar

«Теңіз» мұнай кенішінен Ақтөбеге бір топ жұмысшы келді

admin_mugalzhar

Вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктіріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.