«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктіріледі

Халықты иммундық алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі e-gov mobile «Вакцинация» сервисін, sms-хабарламаларды, жеке кабинетті пайдалану, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисінде вакцинация паспортын енгізу арқылы IT-технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Болашақта вакцинация паспортын қолдану кеңейтіледі.

«Вакцинация жүргізу туралы деректер электрондық форматта орналастырылады. Бұл вакциналанғандардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді», – деді бүгін халықпен есептік кездесуде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Вакцинация паспорты келесі мәліметтерден тұрады: адам қандай препараттарды алды, қандай дозаларда, қандай күндерде, құжатты талап ету орны бойынша көрсетуге және QR-кодтың көмегімен қолжетімділікті ашуға мүмкіндік береді.«Қазіргі уақытта вакцинация паспортын біріктіру үшін IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Вакцинация паспортын «Ashyq» қосымшасымен біріктіру 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады», – деді Денсаулық сақтау министрі.

Вакцинация паспортымен қатар біз жылу карталарын енгізудеміз – бұл телекоммуникациялық деректер базасында пандемия кезіндегі қаланың белсенділігін талдау жүйесі. Жылу карталары тұрғындардың белсенділігі мен шоғырлану орындарын, 103, 1406, 1308, 102 қоңыраулардың шоғырлану орындарын және облыстық көші-қон ағындарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында жылу карталарын пайдалану бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

«Жылу карталарын пайдалану ведомствоаралық комиссияның, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, полиция департаментінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тұрақты қолжетімділігі, алынған талдауды санитарлық мониторинг мақсаттары үшін пайдалану, патрульдеу бағыттарын оңтайландыру, төсек қорын жоспарлау, қабылданған шаралардың тиімділігін талдау сияқты мүмкіндіктерді ұсынады», – деп атап өтті А.Цой.

Ұқсас ақпараттар

БІР БЕТТЕН АРТЫҚ АҚПАРАТТЫ ОҚУҒА ШЫДАМЫ ЖЕТПЕЙТІНДЕРГЕ

admin_mugalzhar

КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов әр аудан бойынша су тасқыны қаупі бар жерлер көрсетілген Карта жасауды тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.