Әлем Басты ақпарат

ДМҰ: жаздағы ыстық пен коронавирус — адам өміріне қауіпті

Дүниежүзілік метеорология ұйымы (ДМҰ) биыл жаздағы аптап ыстық пен коронавирус адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын ескертті.

AFP агенттігінің хабарлауынша, ыстық уақытта кондиционер қосуға болар еді, бірақол коронавирус эпидемиясы кезінде тазалық ережесіне қайшы келеді.

Дүниежүзілік метеорология ұйымының ресми өкілі Клэр Нуллистің Женевада 26 мамырда мәлімдеуінше, биыл «жаз мезгілі әдеттегіден ыстық болады». Оның айтуынша, «күннің ыстықтығы коронавирус пандемиясы кезінде тазалық ережелерін сақтауға кедергі жасауы мүмкін».

Бірнеше күн бұрын ДМҰ 2020 жылы жазда сирек табиғи құбылыстар жиі тіркелетінін ескерткен. Ұйым мәліметі бойынша, биыл жазда тропикалық белдіктерде Мұхит бетінің температурасы жоғарылап, Оңтүстік Америка мен Үндістан түбесінде жаңбыр көп жауады, деп хабарлады француз радиосы.

azattyq.org

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *