«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгінде әлем халқы өте бір қиын уақыттарды бастан кешіруде. Бұл кезең әрбіріміздің сабырлығымызбен төзіміміздің сыналатын уақыты. Темірдей тәртіптің керек уақыты да осы сәт. Елімізді, халқымызды сақтап қалғымыз келсе, жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілік танытып, ұйымдасқан түрде өзімізге жүктелген жауапкершілікті көрсете білуіміз қажет. Ол жауапкершілік — өз өзімізді, жан-жағымызды сақтау мен қорғауда. Ол үшін мемлекет басшысы, арнайы органдар, дәрігерлер айтудай-ақ айтып жатқан қашықтықты сақтау, маска кию, үйде отыру керек. Соны әлі де жете түсіне алмай, сезіне алмай келе жатқандаймыз. Жолындағыны жалмаған дертті тоқтатар бір жол осы болса – оны ұстану тіпті, адами парызымыз емес пе?! Ия, түсінемін, қалыпты өмір мен кешегі күндер сағынтады. Емін-еркін жүріп, қыдырып, ел аралап, жұмысымызды жасап, қым-қуыт тірліктің тынысына үн қосқан күндер әлі де оралар. Ол үшін бүгін шыдамдылық танытайық, ағайын!

Әсел ИМАНАЛИНА,

Саға ЖББОМ-нің

бастауыш класс мұғалімі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАЛАМА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Қазақ қызы тұңғыш рет Антарктиданы жүзіп өтті

admin_mugalzhar

Келесі жылы ауыл шаруашылығы техникасын алуға 200 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.