«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

 «Жақыныңа жанашыр бол» дегенді әркім әрқалай түсінеді. Көпшілігіміз жақынды тек туыс деп есептейміз. Түптеп келгенде, біріміз туыстық, біріміз достық, енді біріміз жекжаттық тұрғыда жақынбыз. Сондықтан да еліміздің іргесіне індет келгенде, жан-жағымызға жанашырлық танытуымыз қажет. Осы орайда халықтың осалдық танытып, бетпердеге бей-жай қарап, сақтанбай жүргеніне іштей қынжыласың. Аурудың барына сенбей, жақындарына зиянын тигізетіндер де аз емес. Қазақтың тойы азаймасын, әрине. Бірақ, бүгін осы тойдың қызығы көбімізді денсаулығымызға қауіп тудырып тұр. Оны мойындамасқа амал жоқ. Себебі, адам көп шоғырланған жер — ең қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан да, өз өзімізді күтіп, неғұрлым санитарлық талаптарды сақтағанымыз жөн деп кеңес беремін.

Садуақас ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Талдысай ауылдық

округінің ардагерлер

кеңесінің төрағасы

Ұқсас ақпараттар

ВОЛЕЙБОЛ: МҰҒАЛЖАР КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Күн салқындап, жаңбыр жауады. 14-16 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

admin_mugalzhar

Сенбі күні жаңбыр жауғанымен, аптап ыстық қалады

admin_mugalzhar