Ақтөбе жаңалықтары

Облыстың 1830 медицина қызметкері үстемеақы алады

COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақыны ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

— Қор медицина қызметкерлері алдындағы барлық міндетті толық және уақтылы орындап отыр. Мәселен, наурыз айында 1 195 медицина қызметкеріне қосымша 116,4 миллион теңге төленді. Сәуірде 1891 медицина қызметкеріне  265,3 миллион теңге төленсе, мамырда  1777 медицина қызметкері 314,6 миллион теңге үстемеақы алды. Ал маусымда 2779 медицина қызметкеріне  536,2 миллион теңге, шілдеде 3607 медицина қызметкеріне  бір миллиард теңгеден астам  төлемақы төленді.  Тамыз айында жұмысқа тартылған медицина қызметкерлеріне 461,6 миллион теңге төленді, — деді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев.

Үстемеақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы комиссия жасақтайды. Тізім дайын болғаннан кейін қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге (20 АЕК) дейін қосымша ақы алады.

Естеріңізге сала кетейік, егер үстемеақыға қатысты сұрақтар болса  өңірлік комиссияға хабарласу қажет.

Кәмшат ҚОПАЕВА, «Ақтөбе» газеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *