«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Халықаралық ұйым Мұғалжар ауданының 6 жас кәсіпкеріне грант табыстады

БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Экоцентр» қоғамдық бірлестігі Қандыағаш қаласының 6 жас кәсіпкеріне барлығы 7 миллион теңгеден астам қаржылау қолдау көрсетті, деп жазады «Мұғалжар» апталығы.

Халықаралық ұйым өкілдері облыс бойынша 25 кәсіпкердің арасынан үздік шыққан кәсіпкерлерге бүгін гранттарды салтанатты жағдайда Ақтөбедегі «Даму» орталығының кеңсесінде тарту етті.

Грантқа ие болған жас кәсіпкерлердің бірі қандыағаштық Ерлан Айтжан көктем мезгілінде тұқым мен өскіндер табудың қиын екенін алға тартты. Осы олқылықты толтыру мақсатында дихандар мен бағдандарға арналған дүкен ашуды жоспарлапты.

«Халық экологиялық тұрғыда таза өнім тұтынғысы келеді. Алайда, өңірде сапалы өскін мен тұқым табу қиын. Көп ойлана келе, арнайы дүкен ашқым келді. Былтыр осы жобаға құжаттарымды өткіздім. Қуанышымда шек жоқ. Мұндай жобалар саны арта берсін», — дейді ол.

Шарада сөз алған «Экоцентр» қоғамдық бірлестігінің директоры Меруерт Құрманованың айтуынша, конкурс құжаттары өткен жылдың желтоқсан айында қабылдана бастаған.

«Әсемдік салоны, тігін ательесі, наубайхана, баспахана секілді жобалар болды. Грантқа ие болған жас кәсіпкерлер жұмыссыз жүрген өз замандастарын жұмыспен қамтулары керек. Осы жобаның да мақсаты жастарды жұмыспен қамту болатын», — деді Меруерт Құрманова.

Айта кетейік, БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Экоцентр» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысынан өзге, Қарағанды облысының жас кәсіпкерлеріне қаржылау қолдау көрсетпек.

Ерлан Нұрберген

Ұқсас ақпараттар

1 МЛН 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Кинотеатрлар 20 миллиард теңге жоғалтты — министр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.