«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР

Соңғы уақытта Мұғалжар ауданы аумағында Интернет желілерінде жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өз пиғылдарын құрбандарының банктік шоттары мен карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырған.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Атап өту керек, жыл басынан ауданда ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері өсуде. Сонымен қатар, бүгінгі күні интернет-алаяқтықтың көптеген әдістері бар. Жыл сайын алаяқтар алдаудың және азаматтардан ақша алудың барған сайын күрделі әдістерін қолдануда.
Егер, бұрын алаяқтар тікелей байланыс арқылы алаяқтық әрекеттеріне барса (кездесу жолымен), қазір жаңа интернет технологияларын пайдаланып, онлайн несие рәсімдеу және т.б. жолдарымен қылмыстық ойларын жүзеге асыруда.
Осыған байланысты, азаматтар сақ болуы және жеке ақпаратпен, оның ішінде жеке бас куәліктері, банк карталарының нөмірлері, ПИН-СМС-кодтар туралы ақпаратпен бөліспеуі және ақшаның тез өсуі туралы алдамшы ұсыныстарға сенбеуі қажет.
Күдікті СМС, қоңыраулар, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен Интернетте тартымды ұсыныстар түскен жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз немесе банктегі шоттарыңыз бен несие тарихыңызды тексеріп, қатаң бақылауға алуға кеңес береміз.

Ұқсас ақпараттар

ҰСТАЗДАР ОТБАСЫ — КӨПКЕ ҮЛГІ

admin_mugalzhar

ЖОСПАР — 16 ЖАСҚА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ИСТОРИЯ ШКОЛЫ — ИСТОРИЯ СТРАНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.