«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

150-ден астам жұмысшының талабы: Жалақы көтерілсін

Ақтөбедегі мұнай саласында сервистік қызмет көрсететін «МИСК СИНОПЭК Казахстан» ЖШС-і жұмысшыларының жалақыларын өсірмей отыр.  Ал 150-ден астам жұмысшы бұған наразылықтарын білдіріп, еңбек департаментіне шағым түсірді. Бұл туралы бүгін Мұғалжар ауданы әкімдігінде өткен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия отырысында белгілі болды.

Заңды түрде Ақтөбе қаласында филиал ретінде тіркелсе де, Мұғалжар ауданында жұмыс істеп жатқан компания басшылығы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен келісімді түрде жұмысшылардың жалақыларын көтеру жөніндегі меморандумға қол қойысқан. Бірақ бүгінге дейін қарамағындағы жұмысшыларға мардымсыз жалақы төлеп келеді. Қазір мұндағы 689 жұмысшының ең төменгі жалақысы 70 мың теңгеден аспайды. Комиссия отырысында компания директорының міндетін атқарушы Талғат Отарбаев жағдайдың назарда тұрғандығын айтады. Алайда оның айтуынша, бұл мәселені қазіргі уақытта еңбек демалысында жүрген компанияның басшысы шешеді. Бір қызығы аталған компанияда қазақстандықтармен бірге жұмыс істейтін 70-тен астам шетелдіктің жалақысы анағұрлым жоғары. Мұны компания директорының міндетін атқарушы Талғат Отарбаевтың өзі жасырмай ашық айтты.

Комиссия отырысының төрағасы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин аталған мәселенің бей-жай қалмай шешімін тапқанша бақылауда болатындығын ескертті. Облыс басшысының бармақ басқан меморандумына сәйкес жұмысшылардың жалақысы  түптің-түбінде өсуі тиіс деді комиссия төрағасы. Ал әзірге компания басшылығына жұмысшылар тарапынан әлеуметтік шиленістің орын алып кетпеуінің алдын алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі жайында кеңес берді.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТТЕРІ»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.