Әлем Басты ақпарат

Франция мен Италия коронавирустың тәуліктік өсімі жағынан антирекордты қайта жаңартты

Бейсенбі күні Франция мен Италия коронавирус инфекциясының тәулік ішіндегі өсімі жағынан антирекордты қайта жаңартты. Мысалы, Францияда бір тәулікте Covid-19 індетін жұқтырған адам саны 30 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.


Бейсенбіде Францияда қауіпті вирус жұқтыру оқиғалары санының күрт өскені тіркелген – онда COVID-19 жұқтырудың 30 621 оқиғасы тіркелді. Салыстырмалы түрде, сәрсенбі күні елде індетке шалдыққандар саны 22 591 адам деп тіркелген. Франция президенті Эммануэль Макрон елде індет жұқтырудың өсіп жатқан деңгейімен күрес жүргізуге бағытталған шаралар қолданғаны жөнінде атап өтті. Сәрсенбі күні президент Макрон елдің кейбір бөліктерінде коменданттық сағат енгізілгені туралы мәлім еткен. Париж қаласы, оның маңындағы Марсель, Лион және тағы басқа елдімекен тұрғындары сенбі күнгі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін төрт апта бойы үйлерінен себепсіз шыға алмайды. Макронның айтуынша, осындай шараны енгізу бір тәулікте COVID-19 жұқтыру жаңа оқиғаларының санын 3 мың адамға дейін қысқартуға бағытталған. Италияда жаңа антирекорд тіркелген – соңғы тәулікте онла коронавирус инфекциясына 8 804 адам шалдыққан. Бұл алдыңғы күні тіркелгеннен шамамен 1500-ға көп, деп хабарлады ANSA агенттігі. Италия агенттігі жаңа вирустан тіркелген өлім оқиғаларының саны тәулік ішінде шамамен екі есе – 43-тен 83 оқиғаға дейін өскенін атап өтті. Пандемия басталғаннан бері, елде 36 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *