САБАҒЫҢ ҚАЛАЙ, СТУДЕНТ?

17 ҚАРАША — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ. БҰЛ МЕРЕКЕ КҮНТІЗБЕДЕ ҚЫЗЫЛ БЕЛГІМЕН БЕЛГІЛЕНБЕСЕ ДЕ, ҚЫЗЫҒЫ МОЛ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН ЕНДІ ӨТІП, ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСҚАН СТУДЕНТТЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮНДЕРДІҢ БІРІ. ОСЫ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ, ШЕТ ЕЛ МЕН ӨЗ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІ ӘҢГІМЕГЕ ТАРТТЫҚ. БАСТЫ ТАҚЫРЫП — БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚАШЫҚТАН ОҚУМЕН БАСТАҒАН ЖАСТАРДЫҢ ОНЛАЙН ОҚУДАҒЫ ҚИЫНДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫҒЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ БОЛДЫ.

— Дәл қазіргі уақыт тек біздің ел үшін ғана емес, әлем жұртшылығының сабыры мен төзімі, жауапкершілігі мен ұстанымы сынаққа түсіп отырған уақыт. Кешегі үйреншікті өмірді бүгін аяқ астынан өзгерту, кез келген жерде ара қашықтық сақтап, маска киіп, қауіпсіздігіңді ойлап жүру, далаға себепсіз шықпау, үйде отыруға мәжбүр болу, тума-туыс, достардың қуанышында бас қосуға зар болу мұның бәріне бір уақытта көндігу әрине, оңай емес. Дегенмен жолындағын жалмаған виурстан құтылудың жолы осы болса, көнбеске де шара жоқ. Білім саласындағы бүгінгі таңда қолданылып отырған қашықтан оқыту процесіде — осы мәжбүрліктен, сақтықтан туындаған қадам екені анық. Мен өзім қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығында I курста жоғары білім алудамын. Группаластарымды қашықтан оқысақ та, жақсы танимын. Әлеуметтік желі, тікелей бай- ланыс, онлайн оқу — бәрімізді жақындатып отыр дей аламын. Маған қашықтан оқыған ұнай- ды. Оқытушыларымыз тапсырмасын да беріп, біз өз тара- пымыздан орындап, қажетті білімді алып жатырмыз деп ойлаймын. Жақын арада дәстүрлі оқуға көшудің де күні алыс емесін сеземін. Білім ордасына барып білім алу, кітапханасында кітап оқу, асханасында отырып ас ішудің өзі қызық емес пе!.. Студенттік өмірдің қызықты тұстарын тобыммен бірге көрсек деймін. Бұл атаулы мерекеге келер болсам, сақтық шараларын ес- кере отырып, мерекеге ешқандай жоспарым жоқ. Бүгінгі «Мұғалжар» газетінің пікір айтуға жасап отырған мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық қазақстандық студенттерді, группаластарымды мерекелерімен құттықтаймын. Алар асуымыз әрқашан биік болсын деп тілеймін!

от admin001

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *