«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Германия парламенті халықты коронавирустан қорғау жөнінде заң қабылдады

Оған сәйкес бетперде тағу міндеттеліп, біраз мекеме жабылып, тұрғындар арасында қарым-қатынас шектеледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда бұған қарсы жұрт наразылық шарасын ұйымдастырды. Берлиндегі Бранденбург қақпасы алдына ондаған мың адам жиналды. Көбісі коронавирустың барына сенбейді және барлық шектеуді алып тастауды талап етті. Шерушілер бетперде кимей, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жоқ. Санитарлық ережелер бұзылғандықтан, полиция жиналған халықты алаңнан кетуге шақырды. Алайда бұған көнбеген ереуілшілер тәртіп сақшыларына шөлмектер мен петарда лақтырды. Полиция шерушілерді тарату үшін су атқыштар мен газ қолданып, 200-дей адамды қамауға алды. Осындай шаралар елдің өзге де қалаларында өтті. Дегенмен Германия халқының көпшілігі үкіметтің індет таралуына қарсы шараларын қолдап отыр. Тило Каблитц, Берлин полициясының баспасөз хатшысы: – Індет кезінде шеруге шыққан мыңдаған адам санитарлық ережелерді мүлдем сақтамаған. Маска кимей, арақашықтықты ұстамағандықтан, вирустың таралу қауіпі күшейді. Дауыс зорайтқыштар арқылы ережелерді сақтау қажеттігін талай рет айттық. Бірақ олар құлақ асқан жоқ. Шара ұйымдастырушылармен де сөйлесуге тырыстық, бірақ бұдан да нәтиже шықпады. Сондықтан шерушілерді тарату шешімі қабылданды.

Ұқсас ақпараттар

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

admin_mugalzhar

Дала өртімен күрес: Ақтөбе облысында өрт сөндіру бекеттерінің саны артып келеді

admin_mugalzhar

АҚШ Қазақстанға коронавируспен күресуге 800 мың доллар қаржылай көмек берді

admin_mugalzhar