«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2025 жылға дейін жолаушылар теміржол паркі 600 жаңа вагонмен толығады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 бірлік қазақстандықтарды тасымалдауда, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Вагондар мына бағыттар бойынша бөлінген: Нұр-Сұлтан – Арқалық (14), Нұр-Сұлтан – Семей (8), Атырау – Маңғыстау (18), Алматы – Жезқазған (10). Жылдың соңына дейін Қызылорда – Семей,  Алматы – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Семей, Алматы – Маңғыстау бағыттарының жолаушыларын қуантатын тағы 50 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 109 вагонды жаңартты. Осы уақыт ішінде жүк теміржол көлігімен 340 млн тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 247,8 млрд ткм деңгейінде тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% артты.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүру міндеттелмейтін болады

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

admin_mugalzhar

«TALPYN» ЖОБАСЫ – ЕМБІДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.