«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«TALPYN» ЖОБАСЫ – ЕМБІДЕ

Жазғы демалыста оқушылардың уақытын тиімді өткізіп, оқуға деген құштарлығын ояту мақсатында жүргізілген «TalpynCamp-2023» оқу лагері өз мәресіне жетті.

Биыл екінші жыл ұйымдастырылып жатқан бұл жобаға мамыр айынан бастап арнайы емтиханнан іріктеу арқылы білімді оқушыларды анықтадық. Ал маусым айында жеткен жетістіктерін талдай отырып, дарынды оқушыларды сараптадық. Осы анықталған оқушылар арасында 26 маусымнан бастап Ембі қаласының дарынды және білімді оқушылары үшін «TalpynCamp-2023» атты оқу лагері ұйымдастырылды. Биылғы жобаға 30-дан аса оқушы қатысты, — деді жоба жетекшісі Мұхтар Әлімжанұлы.

Жетекшінің айтуынша, қосымша білім беру үйірмесі құрамындағы оқушылардың білім сапалары өздерінің сынып жетекшілеріжәне «Талпын» әкімшілігі тарапынан бақыланып отырған. Аталған қосымша білім беру үйірмесі толықтай тегін жүргізілді. Лагерьде балалар 3Д модельдеу, логика сынды сабақтарды оқыды. Сонымен қатар балалар лагерьде екі мезгіл ыстық тамақпен тамақтанып, түстен кейінгі уақытта интеллектуалды, спорт, қызыққа толы ісшараларға қатысты. Лагерь кезіндеұйымдастырылғансабақтармен іс-шараларға белсене қатысқан, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға жоба атынан шәкіртақы да тағайындалғанын жеткізді жоба жетекшісі. «Talpyn» оқушылар шәкіртақысы оқу жылының әр жартыжылдығына тағайындалып, ай сайын беріліп отырады.

Шәкіртақыға Ембі қаласының 7-10 сынып оқушылары үміткер бола алады. Шәкіртақыныңқұны 20 000 теңгені құрайды. Стипендият оқушылар автоматты түрде «Talpyn» білімді жастар қатарына кіреді. Сондайақ оқу лагерінде өткен 3Д жобалау сабағы бойынша үздік деп танылған Амангелді Ерасылға жоба демеушілерініңатынанкомпьютер сыйланды. Лагерьдің жабылу салтанатында оқушыларға сертификат беріліп, концерттікбағдарламамен қорытындыланды.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ЕРІКТІЛЕР ТЕГІН КӨМЕК КӨРСЕТТІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады

admin_mugalzhar

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің бірыңғай порталы іске қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.