АУДАНДА 499 АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫ БАР

0
234

2021 ЖЫЛДЫҢ 2 ТОҚСАНЫ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕГІ КЕДЕЙШІЛІК ШЕГІ 22 535 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ. АЛ АУДАНДА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ӘР ТОҚСАНҒА ТАҒАЙЫНДАЛЫП, АЙ САЙЫН БЕРІЛІП ОТЫРАДЫ.

Өткен жылы кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтылған 499 отбасының 2508 адамына 170 475,2 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Аудандағы АӘК алушы отбасыларының 1-6 жастағы 796 баласына 28396,7 мың теңге кепілдендірілген әлеуметтік әлеуметтік топтама берілген. Топтамада 4707 теңгеге ай сайын берілетін азық-түлік, 1750 теңгеге тоқсан сайынғы гигиеналық құралдар бар. Ал 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 182 млн теңге бөлінген. Оның ішінде 7 айға құрамында 1690 адамы бар 338 отбасына 54671,9 мың теңге төленген.

– 1-6 жастағы 476 балаға 12445,0 мың теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 252 атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасыларға медициналық дәрілік қобдиша тегін таратылды. Халықтың әлеуметтік

әлжуаз топтарын қолдау мақсатында 2021 жылдың 7 айына барлығы 45802,4 мың теңге көмек көрсетілді. Оның ішінде, 57 отбасына 1182,7 мың теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілсе, 622 отбасына 44619,7 мың теңгеге әлеуметтік жәрдемақылар төленді, – деді аудандық Жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Венера Урумбаева.