Халық санағы кезінде адамға 91 сұрақ қойылады

0
123

Қыркүйекте елімізде халық санағы басталады. Санақ өткізуге арналған парақтар 91 сұрақтан тұрады. Олар үйдегі адам саны, тұрғын үй жағдайы, үй шаруашылығының әр мүшесі толтыратын жеке санақ парақтары. Жалпы биылғы науқанның ерекшелігі санақ парақшаларына жаңа сұрақтар енгізілді. Ол пандемияның табыс деңгейіне әсері, халықтың коронавируспен сырқаттануы және  вакциналауға қатысты сауалдар.  Бұл туралы бүгін үкімет отырысында сөз болды.

Санақ жүргізуге 32 мыңнан астам адам тартылады. Соның ішінде  жұмыссыз жүрген азаматтар мен студенттер де бар. Бірақ олардың барлығы коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Жалпы халық санағы екі тәсілмен жүргізіледі. 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн форматта және қазан айының бірі мен отызы аралығында электрондық планшеттер пайдалану арқылы дәстүрлі сауалнама арқылы жүреді.

24.kz