«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ashyq жүйесінің қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілмек

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, ауру деңгейі төмендей бастады. Өткен аптада вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төмен түсіп, қазір 0,93 деңгейіне жетті. Ауруханалардағы орындар 49% пайызға, ал жансақтау бөлімдері 46% пайызға жүктелген», – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол жауапты органдарға вакциналау науқанын күшейтуді міндеттеді.

«Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын», – деді ол.

Премьер-министр бұл жұмысты жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Айта кетсек, қазір Ashyq жобасына қосылған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 111 мыңнан асады. Олардың жартысынан көбі сауда, тамақтану және білім беру салаларында қызмет көрсетеді. Жобаға қатысушылар санын арттырудың арқасында карантин талаптарын бұзатындарды анықтау 15 есе өсті.

Сондай-ақ бизнес субъектілерін қамтуды одан әрі ұлғайту мақсатында Ashyq-қа қатысуға өтінім беру және QR-код алу тәртібі жеңілдетілді.

Ұқсас ақпараттар

UFC Макгрегор мен Порье жекпе-жек өткізетінін растады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін 2023 жылы 3,5 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.