«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы офлайн форматта кеңінен талқыланды. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, қалалық, ауылдық округ әкімдері, ауданның барлық саласының, орталықтарының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ауданның белсенді азаматтары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин отырысты ашып, еліміздің одан әрі даму бағыттарын нақты және айқын көрсеткен Президенттің негізгі тапсырмаларын атап өтті.

Бұдан кейін сөз алған білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова мен аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Айбек Сүгіров Жолдауға қатысты өз салаларына міндеттелген мәселелерге тоқталып, баяндамаларын оқып шықты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің зейнеткері Амангелді Шунимов Жолдауға қатысты өз пікірін білдіріп, ауданда алдағы атқарылатын жұмыстардың нәтижелі болатындығына сенім білдірді. Жиын соныңда мәслихат хатшысы Роза Мүсенова мен аудандық «NurOtan» партиясы филиалының төрағасы Көмекбай Бектұрғанов елімізді одан ары дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын бірауыздан қолдады және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Жиынға қатысушылар өз кезектерінде Президент мәлімдемесінің қоғамның, қазақстандық жастардың үмітіне және уақыт сұранысына сай келетініне тоқталып, ойларын ортаға салды.

Ұқсас ақпараттар

«Бала саны әсер етті». Ұлттық қордан неге аз ақша аударылғаны айтылды

admin_mugalzhar

МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

Бүгіннен бастап балағаттағандар 70 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.