«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ауданға Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Ғалымжан Тілеубаев пен Ақтөбе облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары Қанат Әлиев келіп, ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және кәсіпорын басшыларымен кездесті. Кездесуде Мұғалжар ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша «пилоттық» жобаны қосу, оны әрі қарай жүзеге асыру туралы кеңінен айтылды. Сонымен бірге еріктілердің тікелей қатысуымен өткізілген жұмыстың нәтижелерін таныстырды. ⠀

Қанат Әлиев өз кезегінде полицияны жаңғырту, ішкі істер органдарына сандық технологияларды одан әрі енгізу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қазіргі заманғы полицейдің имиджін құру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып өтті, сондай-ақ осы бағыттағы волонтерлік қозғалыспен өзара іс- қимылдың маңыздылығын атап көрсетті. ⠀

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин пилоттық жобаның ауданда жүйелі ұйымдастырылуына басшылық жасайтынын айтып, қоғам қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. ⠀
Жиын соңында аудан аумағында орналасқан кәсіпорын және өндірістік мекемелердің басшылары, Ембі және Қандыағаш қалаларының әкімдерінің қатысуымен азаматтар мен заңды тұлғаларды қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге тарту жөніндегі Жоспарды іске асыру шеңберінде, атап айтқанда патрульдеуді, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды, полицияның қоғамдық көмекшілерінің, волонтерлердің қайта қылмыс жасауының алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ұқсас ақпараттар

Ажалың мен бейнетің 700 теңге

admin_mugalzhar

Қазақстанда бала өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

admin_mugalzhar

Нұр-Сұлтанда мүгедектер тегін жолдама алудың қиындығын айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.