Бақытжан НИЕТАЛЫ, ардагер-журналист: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖУРНАЛИСТИКАҒА БАТЫЛДЫҚ БЕРДІ

0
897

ЖЫЛДАР ЖЫЛНАМАСЫН ЖАҢЫЛМАЙ ЖАЗЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН «МҰҒАЛЖАР» ГАЗЕТІ БҮГІН, ЯҒНИ 20 ҚАЗАНДА 91 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ОСЫ ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ЕЛ БАСЫНАН ТҮСКЕН НӘУБЕТТІ ДЕ, ҚИЛЫ ЗАМАН МЕН СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫ ДА БАСЫНАН ӨТКЕРІП, ТАРИХТЫ БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗУМЕН КЕЛЕДІ. БҮГІНГІ МЕРЕКЕЛІК НӨМІР ҮШІН АРНАЙЫ «МҰҒАЛЖАР» ГАЗЕТІНДЕ ҰЗАҚ ЖЫЛ РЕДАКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП, ҚАЛЫҢ ОҚЫРМАНҒА АҚПАРАТ ТАРАТУДА ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРҒАН, АУДАННЫҢ БАСПАСӨЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕСІН ҚОСҚАН АРДАГЕР-ЖУРНАЛИСТ, ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ БАҚЫТЖАН НИЕТАЛЫМЕН ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ, ОҚЫРМАНҒА ЖЕТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ СҰХБАТТАСТЫҚ.

– Әңгімемізді алдымен сіздің журналистикаға, соның ішінде аудандық газетке келген кезіңізден бастасақ?..

– Менің журналистік қызметім 32 жылмен саналады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында ҚазГУ-де оқып жүргенде, факультет деканы Т.Амандосов деген ұстазымыз: «Шырақтарым, журналист болуды шын армандасаңдар, қазірден бастап газетке қызметке барыңдар. Журналист өмірді айнадай анық әрі ашық көрсетуге ұмтылуы тиіс. Ол үшін мол шығармашылық тәжірибе керек. Қазірден бастап соған машықтаныңдар. Келесі келгенде осы отырған бәріңнен де «газетте істейміз» деген жауаптарыңды еститін болайын», – деген талап қойды. Өйткені бақтары жанып, журналистика факультетіне оқуға түскендердің бір-екеуі болмаса, басқалары әр саладағы кәсіптердің өкілдері еді. Мен болсам, Ақтөбедегі атақты «Актюбрентген» зауытында электрик болып істейтінмін. …1966 жылы облыс көлемінде бірнеше аудандар қайта құрылды. Солардың бірі – жаңадан шаңырақ көтерген Мұғаджар (орталығы – Ембі қаласы) ауданы-тын. Отбасы жағдайымен осында қоныс аударған едім, қолымда облыстық комитеттің жолдамасы бар, и менің кіреп сол кездегі аудандық «Еңбек таңы»–«Коммунист» газетінің редакторы Убайдолла Жаулыбаевтың есігін қақтым. Жалғыз отыр екен, алдындағы қағазына шүйлігеді. Мазасызданып отырғанын байқадым. Таныстық. ҚазГУ-де оқитынымды естігенде жүзінен жылт еткен жылылық аңғарылғандай болды. «Кадр жоқ, жалғызбын. Алғадан бірлі-жарым таныстарымды, әйтеуір газетте істедіғой деп, мында шақырсам, пәтер сұрайды. Ал, сен келдің ғой… баспанаң бар ма?» – деп тесіле қарады. Мен әзірге біреудің бір бөлмесін жалдап отырғанымды айттым. Бір мезетте телефон шыр ете қалды. Облыстық комитеттен газет пен баспахана жайын сұрап, хабарласты. Ал редактор Үбекең болса, кадрлардың жетіспей жатқанын, облыстық баспаханадан мамандар келіп, баспа машинасының жабдықтарын құрып беруін, электр желісі жөндеуді қажетететінінсұрады. Менде қарап отырмай, электрик екенімді айта қойдым. Үбекең жерден жеті қоян тапқандай қуанды. Сөйтіп, алғашқы еңбек жолымның бірінші күндерін баспахана станоктарының электр жүйесін реттеп, іске қосумен бастадым. Бүгінде сол станоктардың астында домаланып жатқан күндерімдіесімеалыпкүлемін. Бірайданкейін газетке редактордың орынбасарлығына Ш. Бекенов, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушілігіне А.Алқуатов келді. Мен, Ө. Дүйсеков, С. Айдаралин – газет тілшілері болдық. Орыс газетінің орынбасарлығына Алғадан Раул Дошаев деген кісі келді. Алғашында орыс бөліміне кадрлар табылмай, корректор да, бөлім меңгерушісі де, редактордың орынбасары да өзі болып жүрді. «Коммунист» газетінің макетін де Рекең сызатын. Көп ұзамай, бұрынғы мектеп директоры, соғыс ардагері В.Калюжный баспахана бастығы болып тағайындалды. Газеттің жұмысы жүйеленіп, оқырманға сапалы мақалалар мен жедел ақпараттар жол тартты. Редакторымыз екеуміз тәжірибе алмасуға Шалқар ауданына бардық. Сөйтіп бұрынғы Мұғаджар ауданының «Еңбек туы»-«Коммунист» газетінің алғашқы нөмірінен 1983 жылдың қарашасына дейін, яғни бұрынғы Октябрь ауданының «Октябрь туы»-«Знамя Октября» газетінеқызметке ауысқанша еңбек еттім.

– Еліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылы ауданның баспасөз саласында қандай өзгерістер орын алды?

– 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында сол кездегі астанамыз Алматыда Қазақстан Парламенті Жоғарғы Кеңесінің мәжілісі болып жатты. Бүкіл ел жұртшылығының назары теледидарда болды. Айтпай-ақ күтіп отырмыз, қазір Қазақстан тарихында ұлы оқиға болады -Тәуелсіздік жарияланады. Дауыс беру аяқталды. Арнайы комиссия дауыс беру нәтижесін хабарлауы сол-ақ екен, мәжілісті басқарып отырған Жоғарғы Кеңестің төрағасы «Да здравствует, Независимый Казахстан! Поздравляю!» – деп орнынан көтерілгенде, залдағы халық орындарынан тік тұрып, ұзақ ду қол шапалақтады. Қошемет үні 5-7 минут үзілместен соғылды. Біз сияқты қарапайым адамдар жарыла қуанғаннан түнімен елегізіп ұйықтай алмадық. «Қуанған мен қорыққан бірдей» деген осы шығар. Ертесін достарымызбен кездескенде, қуана көрісіп, бірбірімізді құттықтаумен болдық. Бұл – адамның ішкі дүниесіндегі ерекше сезім ғой, өмірде бір рет болатын ондай сәтті сөзбен жеткізу қиынның қиыны. Жергілікті басшылар бізге газетті қалай жүргізу-жүргізбеу туралы нұсқау бермек түгілі, өздері не істеп, не қоярға білмей мең-зең болды. Ал біз білдік. Газет бұрынғы партиялық-кеңестік тақырыптарды ысырып тастап, ел мүддесіне кажетті, жергілікті халықтың (оқырмандарымыздың) тілек-талаптарына үндес келетін проблемаларды жазуға ауысты. Ел тарихы, жер тарихы, туған өлкенің кешегісі мен бүгінгісі, ана тілімәселесі, Наурыз мерекесі, қазақтың діни әдет-ғұрыптары (ораза ұстау, құрбандық шалу, намазға жығылу, айт мейрамдарын атап өтудің діни рәсімдері), майдан және еңбек ардагерлерін мадақтау, жер атауларын қайтару (ономастика) сияқты тақырыптар алға шықты.

КСРО тараған бойда ел экономикасы күрт құлдырағаны баршаға мәлім. Өйткені бұрынғы Одақ кезіндегі республикалармен экономикалық байланыстар үзілді. Өндірілген өнімдерді өткізу қиынға соқты, арты үлкен ысырапқа ұшырады. Бұл жағдай, әсіресе жергіліктіхалыққамықтапбатты. Маңдай термен жиналған байлықтарының талан-таражға түсіп, түкке тұрғысыз арзан бағамен тоналыпжатқанын көрген еңбекші қауым жыларман күй кешті. Бұны әсіресе ауыл шаруашылығы саласынан анық байқауға болатын. Ебіл-себіл болып, бағып-қағып өсірген малы дефицитке айналған техниканың қосалқы бөлшектерін сатып алу үшін бартерлік төлемге кетіп жатты. Жұмыссыздық пайда болды. Содан барып жергілікті халықтың жағдайы нашарлады. Қол-аяғы балғадай азаматтар екі қолға бір жұмыс таба алмай сандалды. Осы уақытта аудандық газет елдегі осықиын жағдайды естен шығармай, ашық жазып отырды.

– Осы жерде тағы бір сұрақ туындайды. Осы саяси өзгерісті журналистер қалай қабылдап, газет оқырмандарына қалай жеткізе білді?

– Жоғарыда айтқандай, біз өз бағытымызды анықтағандай едік. Жаңа заман келгенін газет қызметкерлеріжақсы түсінді. Бұрынғыдай аттағанымызды аңдып отыратын цензура жоқ. Ойымызды батыл айтуға біртіндеп үйрене бастадық. Бірақ журналистік этиканы естен шығарған жоқпыз. Аудан орталығындағы, ауылдағы орын алған кемшіліктер көбіне олақ басшылардың кінәсінен жіберіледі. Ондайда қаламымызды қарымды сілтейміз. Бұрында сынға іліккен басшылар газет партиялық орган болғасын олқылықтарын амалсыздан мойындайтын-ды, енді бұлтаратынды шығарды. Бұрынғыдай газеттің сынын қорғайтын партия органы жоқ. Елдегі болып жатырған оңды саяси өзгерістер Тәуелсіздіктің нәтижесі екенін халыққа жеткізу басты мақсатымыз болды. Республикалық газет беттерінде жарияланған Қазақстанның жаңа үкіметінің қаулы-қарарларын халыққа түсіндіру үшін шама-шарқымызшамақалалар, сұхбаттарұйымдастырып отырдық. Сол уақыттан бастап газет бетінде сұхбат жанры нағыз жауынгер жанрға айналды.

– Сол кезде ауданның экономикалық-әлеуметтік жағдайына етене араласып жүрген журналист ретінде тәуелсіздігін енді ғана алған елдің ертеңін қалай көрдіңіз?

-Осы арада мынадай есте қаларлық жағдай есіме түсіп отыр. 1990 жылдың жазында Мәскеуде Бүкілодақтық баспасөз қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін шыңдау институтында дәріс алдым. КСРО-ның таралу қарсаңындағы аласапыран кезіғой. Небір аузымен құс тістеген ғалымдарлекция оқыды. Солардың ішінде ұмытпасам, тарих ғылымдарының докторы, профессор Петровский деген «Кеңестік қоғамдағы революциялық жаңару» тақырыбына әңгіме шертті. Әрі-беріден кейін сөзін басқа жаққа бұрып әкетті. «Егер КСРО мемлекеті тараса, республикалардың өркендеуі қалай өрбір еді?» деген сұраққа тіреді әңгімесін. Әр республикаға болжамжасапжатыр. Тыңдаушылар өз республикасының тағдыры қалай боларын білгісі келіп, профессорға сұрақтар қояды. Мен де қолымды көтеріп, «Кешіріңіз, профессор мырза, Қазақстан жайында не дер екенсіз?» деп қалдым. Ол менің қасыма жақындап келіп: «Қазақстандықсыз ба?! Бұл республика келешекте нағыз жасампаз республикаға айналар еді. Оған қажетті барлық потенциалдар бар. Жерінің үсті де, асты да бай. Россиядан кейінгі байлығы мол республика» дегені әлі күнге дейін есімде. Бүгінде сол профессордың айтқан пікірін жоққа шығара алмаймын. Еліміздің егемендігінің бүгінде жемісін көріп отырмыз. Рас, алғашқы жылдарда қиын болды. Дүкен сөрелері босап қалды. «Пайек» деген шықты. Шаруашылықтар тарап, өндіріс орындары (мұнай кәсіпорындарынан басқа) жабыла бастады. Бюджетке түсетін қаржы тапшылығынан еңбекақының уақытылы берілмеуі әр отбасына мықты қиындықтар туғызды. Халық осының бәріне көнді. Себебі біз еліміздің жарқын болашағына сендік. Жергілікті газет қызметкерлерінің парызы – елде орын алған ұлы өзгерістерге үн қосу. Осы міндетімізді басшылыққа ала отырып, әр нөмір сайын елдегі тарихи оқиғаларға байланысты мақалалар жазып, сұхбаттар ұйымдастырдық. Қазір сол кездегі газет беттерін ақтарғанда, сондағы жарияланған материалдарды қызықтап оқуға болар еді.

– Газет шығарудағы қандайқиыншылықтар есіңізде? (Жалақының кешіктірілуі, баспа ісінің ақсауы, ақпараттың оқырманға уақытылы жеткізілуі туралы айтып өтсеңіз?)

– Айтатыны жоқ, қиындықтар аз болмады. Ең қиыны – газет шығаруға бюджеттен бөлінетін қаржы қысқарды. Бұрында аптасына екі тілде (қазақша және орысша) үш рет шығарылатын газеттерді біріктіріп шығаруға мәжбүр болдық. Алғашында оқырмандарымыз наразылық білдіріп, хаттарын жазып жатты. Бірақ газет нөмірлері үзілмей, белгіленген күндері оқырманға жеткізіліп тұрды. Бара-бара әкімшілік бізге штатты қысқарту керектігін айтып, шарт қойды. Жалақымызды кідіртіп беруді әдетке айналдырды. Екі-екіжарым айдай еңбек ақымызды ала алмай жүрген кездеріміз де болды. Газетіміздің тиражы екі есеге азайды. Жергілікті басшылардың баспасөзге басы ауырмады десем, артық айтқаным емес. Айлығымызды сұраған бізге айтатын сылтаулары бюджетте қаржы тапшы, болса да алдымен зейнеткерлерге, мұғалімдерге, дәрігерлерге жұмсалады. Сол шамада бірқатар кадрларымыз басқа жаққа жұмыстарын ауыстырды. Дегенмен өз істерін сүйген табандылары қиындыққа көнді. Сол кездегі баспахананыңжайы дамәз емес еді. Жабдықтары көнерген, қосалқыбөлшектержетіспеді, көптегенжұмыстар баяғыдай қолмен атқарылатын. Бірақ айта кету керек, баспахана жұмысшылары газетті уақытында шығарып тұруға бар күштерін салып отырды.

-Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы жалпы қазақ журналистикасы мен аудандық газеттердің сол кездегі жағдайы мен бүгінгі күйі туралы не айтасыз?

-Бұл күрделі сұрақ екен. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда республикамыздың баспасөз саласында мол тәжірибелі, қарымдары қуатты журналистер топтары қалыптасқан еді. Олар, әсіресе Желтоқсан оқиғасынан кейін республикамыздың орталық газеттерінің беттерінде оқырман қауымды қатты толғандыратынталайкезек күттірмейтін проблемалардыкөтерді. Соларғаеліктегенбіздер де жергілікті жерлердегі толғағы жеткен жайларды ашық жазуға ұмтылдық. Кейбір басшылар бұл «қылығымызды» ұнатпады. Кейде біздің жариялаған өзекті материалдарымызды елемеуге тырысты. Біз жазған үстіне жаза түстік. Осындай қайшылықтар жергілікті басшылық пен газеттің арасын алшақтата түсті. Бірақ біз ешкімге жалтақтамай, шындықты ғанажария ету принципімізден таймадық. Өйткені уақыт талабы солай болатын. Көне заманнан келе жатқан кемшіліктерімізден арылғымыз келді. Бүгінде жергілікті баспасөз жайы мүлдем басқаша. «Сипап» жазу, көңіл жықпастық, қаржы жағынан тәуелді болғандықтан «басшылар не дер екен» деп алаңдаушылық басым. Біздер газеттің публицистика, очерк, репортаж, суреттеме, фоторепортаж, фельетон, юмор, сықақ, достық шарж сияқты жауынгер жанрларын жиі пайдаланатынбыз. Сонымен ғана газеттің беделі артатын. Журналистің жазу шеберлігі осындай жанрларды терең игеруімен ғана бағаланады. Газетке абырой әперетін амал – оны безендіру жайы. Бұрында жыл сайын «Баспасөз күні» қарсаңында Республикалық Журналистер Одағының облыстық филиалы тарапынан аудандық газетті көркемдеу шеберлігіне арналған конкурстарөткізіліптұрды. Конкурсқақатысуға бар өнерімізді салатынбыз. Ал жеңімпаз атансақ, ол енді біз үшін нағыз қуаныш, нағыз мейрам-тын. Бүгінде аудандық газетті компьютерлік техника арқылы керемет етіп көркемдеуге мүмкіндік бар. Сондықтан қолдағы қазіргі заман техникасын терең игеріп, оқырмандар сүйсініп оқитын газет шығаруға ұмтылған жөн.

– Осы жылдарда өзіңізбен үзеңгілес жұмыс істеген журналистер туралы айтып өтсеңіз?

– Мен екі ауданда газет қызметкері болдым. Жаман ба, жақсы ма, бір адамдай газет қайраткерімін. Өмірдегі жанашыр ұстаздарымның өсиеттеріне берік едім. Өзімнің қасымда жүрген шәкірттеріме де осы ұстанымымды үйреттім. Бүгінде солар анда-санда хабарласып тұрады, рақметін айтады. Сонда «иә, өмірім босқа өтпеген екен» деп қуаттана түсемін. Бүгінде көптеген әріптестерімнің көзі жоқ. Ембіде қатаржұмыстас болған Р.Душаев, И.Н.Осадчий, А.Көздібаевтар аудандық газеттің қыр-сырын терең игерген жандар еді. Уақыт өте біздің қатарымызға Ұ.Қауысов келіп қосылды. Кейін Темір аудандық газетінде редактор болды. А.Көздібаев, Ұ.Қауысов, Ж.Қабақбаев және мен бұрынғы «Мұғаджар» аудандық газетте редактор болған Үбайдолла Жаулыбаевтың шәкірті болдық. Төртеуміз де төрт ауданға редактор болдық. Бұл – ескерерлік жайт. Бір де бір ауданда мұндай факт кездеспейді. Өкініштісі сол, ұстазымыз «Мұғалжар» аудандық энциклопедиясына енбей қалыпты. «Октябрь туы» – «Знамя Октября» (кейін «Қандыағаш») аудандық газетіндегі редакторлық қызметімді өмірімнің ең сәтті жылдары деп есептеймін. Осында өзімнің шығармашылық мүмкіндігімді барынша көрсете алған сияқтымын. Талай сәтті кездерді және қиындықтарды редакциядағы әріптестермен бірге бөлістік. Осы ұжымнан атақты журналист-жазушы А.Өтегенов, кейін облыстық газетке редактор болған Ә.Оралбаев түлеп ұшты. Сонау өткен ғасырдың 30-шы жылдары «Кедей» газетінен бастау алған аудандық газет бүгінгі жасампаз еліміздің қатардағы жалынды жаршысы ретінде уақыттан қалмай келеді. Бұл газеттің тарихына үңілген оқырман оның шаң басқан беттеріненжазушы Ж.Тәңірбергеновтың, атақты ақындар Б.Тәжібаев пен Е.Дүйсенбаевтың, жазушы-сатирик Т.Құлиясовтың қаламдарының таңбасын табар еді. Редакцияның ыстық-суығын бірге тартқан бірқатар қадірлі жандар – редактордың орынбасары Р.Сүйіншалина, газеттің жауапты хатшысы Ә. Сағымбаева, газет корректоры, қыздардың апасы Қ.Әлімшина бүгінде қатарымызда жоқ. Редакция журналистерінің қаламынан шыққан бүкіл материалын баспаханаға әзірлеуді қамтамасыз ететін терімшілер К.Ниязбекова, Г.Сарина, редакцияның есеп-қисабын шашау шығармай шотына басып отыратын Г.Балғабаева ұжымымыздың қадірлі қызметшілері болды. Бүгінде жазушылық кәсіпке қалам сілтеп жүрген Н.Балмаханов бір кездерде редакцияның «азабын» бір кісідей-ақ татты. Кейін ауданның мәдениет саласында, атқару комитеті органында басшылық қызметте болса да бір бүйрегі редакцияға бұрылып жүрді. Соңғы кезде туған өлкесіне арнаған бірнеше кітабы жарық көріп, аудан оқырмандарының жылы ілтипатына бөленді. Бірде менің алдыма бір жас жігіт келді. Редакцияға қызметке сұранды. Қолында газет бетіне шыққан бір-екі шымшымасы бар екен. Жұмысқа қабылдадық. Ұжымға жұмсақ мінезімен үйренісіп кетті. Тым-тәуір газет қызметкері болып қалыптасты. Есімі Шаһарбек Нұрсейітов болатын. Кейін аудандық әкімшілікте істеді. Газетсуретсізболғанба? Бұл арада суретші-тілші Смағұл Құдабаевтың газетке сіңірген еңбегі зор дегеніміз дұрыс шығар. Жауапты хатшының алдында не бір өндіріс, теміржол озаттарының, ауылдағы атақты малшылар мен механизаторлардың суреттері толып жататын. Сол жылдардағы газет беттерін аша қалсаңыз, С.Құдабаевтың түсірген суреттеріне кезігесіз. Қайсы бірін айтып бітіреміз. Редакциядабір-екіжылтөбе көрсетіп, түрлі себептерменбасқажаққажұмысқаауысып кеткендер де болды. Газеттің «қадірлі досы» баспаханамен қатынасымыз аса жақсы болды. Директоры Қ.Кенжеғалиев, әріп терушілер Қ. Темірхановамен К. Темірбаевалар, баспашы С.Темірбеков газеттің сапалы теріліп, басылып шығуына уақытпен санаспай, күні-түні еңбек етті.

– Баспасөз саласында жүрген жылдарданесіңізде қалған оқиға немесе мақаланы айтып бере аласыз ба?

-Ондай сәттер көп қой. Қайсы бірін есте сақтарсың… Мына екі жайды қысқаша айтайын. Ұмытпасам, 1984-шіжылдың көктем кезі-тін. «Ақтөбе» совхозы, Ақсу бөлімшесінің шопаны, Социалистік Еңбек Ері Науан Досмағамбетовтың ауылына сапарлап келдік. Шопан туған төлдерді оңашашығарып, өзібағыпотырекен. Отарды көмекшісі өріске жайып кетсе керек. Шопан ағамен жылы амандасып болған соң, әңгіме басы малға ауысты. Шопан өмірінен көп қисса тыңдадық, өзінің төлді туғызып алған бойда алғаш қолданатын малдәрігерлік шараларын айтты. Араарасында «мұны шопандардың көбісі біле бермейді» деп ренжіп қояды. Ұзақ әңгіменің соңы ұрпақ жалғастығы болды. «Ертең зейнетке шыққанда, шопан таяғын қай балаңызға ұстатасыз?» деген сұрақты қойғанда, шопан кідіріп қалды. Сосын маған бүкіл денесімен бұрылып: «Айтшы, шырағым, мен шопан болсам, неге менің балам да шопан болуы тиіс? Немене, оған басқа мамандық, басқа кәсіп бұйырмай ма? Бұл өзі қандай саясат? Ұшқары емес пе? Міне, менің өмірім отыз екі жылы бойы қой соңында өтіп келеді. Не көрдім?! Рас, үкімет азды-көпті еңбегімді бағалап, атақ берді. Рақмет! Бірақ, мен біреумін ғой. Мендей шопандар, жылқышылар, бақташылар қаншама!.. Жоқ, менің балаларым да қаладағы жастардай өздерінің қалаған кәсібін таңдап, оқып үйренеді». Сұхбатәңгімеміз осымен аяқталды. Сол кездегі партияның саясаты солай-тын. Шопан зейнетке шыққанда, таяғын баласына табыстауы тиіс. Кейін шопанмен болған осы әңгіме облыстық шопандар съезі өтетін қарсаңында облыстық газет бетіне «Ізбасарларымыз кім?» деген тақырыппен жарық көрді. Ал екінші оқиға, 90-шы жылдары Қандыағаш қаласында жылу беру жүйесінің жұмысы нашарлап кетті. Коммуналдық үйлердің жылу батареялары салқыннан қатып қалып, әбігерге салатын. Қыстан әрең шыққан халық келесі жылы жағдай түзелер деген үмітте еді, олай болмады, тағы да жайбарақаттық орын алды. Шағымдар көбейе түсті. Жылу беруге жауапты басшыларды қатаң сынға алу керек болды. Газеттің штаттан тыс екі тілшісінің белсенділігімен бүкіл қаланың жылу жүйесінің жайы астыртын тексеріліп, кемшіліктерге жол берген басшыларды сынаған «Адская жизнь в Кандагаше» деп аталған сыни мақаланы жариялап жібердік. Арты ұлы айқай болды. «Қуамыз, жоямыз» дегенге дейін барды. Бірақ шұғыл шаралар алынды, әйтеуір өткен қысқа қарағанда жылу жүйесі біршама тәуір күйде болды. Бұнымен не айтпақшымыз? Баспасөз – жұртшылық арасында қоғамдық пікір таратушы құрал. Ал қоғамдық пікір кім-кімге де ауыр соққыдай тиеді. Шенеуніктердің газет сынынан аттың тебуінен бетер шошитыны осыдан.

-Ардагер-журналист ретінде жас журналистерге айтар  ақыл кеңесіңіз барма?

– Манадан бері айтып отырғанымның бәріжасжурналистергеүлгі-өнегеесепқой. Ендігі айтарым, журналист қалай жазса да, не жазса да, ешкімнің азаматтық арожданын қорламай, журналистік этиканы сақтай отырып, қоғамға пайда келтіретіндей мазмұнда жазуы тиіс. Ашық, анық жазылған шығарма әрқашан оқырман жадында ұзақ сақталады. Журналист мұраты да осы емес пе!?

Әңгімелескен Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ