«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Смағұл ҚҰДАБАЕВ: ФОТОСУРЕТ — ГАЗЕТТІҢ КӨРКЕМДЕУШІ ҚҰРАЛЫ

-Менің мамандығым баспасөз саласынан тым алыс-тұғын. Хромтау ауданы, Искра колхозының мал дәрігері болып жұмыс жасадым. Дегенмен әр адамның жүрек түпкірінде кішкене ғана арманы болады емес пе?! Менің де жүрек қалауым әдемі сәтті суретке түсіріп, жансыз бейнелерді сөйлету еді. 1973 жылы «Октябрь туы — Знамя Октября» газетіне фотокорреспондент болып жұмысқа қабылдандым. Жұмысқа орналасқаннан кейін, суретке түсіруге шабытым ашылып, пейзаж, фотоэтюд, фоторепортаж жасаудың шын шебері болдым десем артық болмас. Газетімізді оқырманға өтімді ету мақсатында ауыл-ауылды аралап жұмысшылардың еңбегін таспалап, егістік, қырмандарда болып, шопандарды, еңбек озаттарын суретке түсіретінмін. Газеттің бір шығарылымына «20 сурет беру керек» деген үлкен міндет тұрды. Фотосурет — газеттің сәнін келтіретін, ажарын ашатын көркемдеуші құрал. Сондықтан фотожурналистің түсірген фотолары сөйлеп тұруы қажет. Газетте жұмыс жасаған кездерімде редакторлар Жаңылша Балмағамбетова, Нұрғали Тастанбаев, жауапты хатшы Жақып Тоқтағұловпен үлкен үйлесімділікте жұмыс жасағанымды мақтан етемін.

Фото түсіруден басқа облыстық «Коммунизм жолы», «Актюбинский вестник», «Лениншіл жас», «Социалистік Казақстан» газеттері мен «Ара», «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері», «Журналист» журналдарына мақалаларым шығып жүрді. Зейнетке шыққаннан кейін тарихи шежіре жинақтап, «Руыңды білсең-рухың риза», «Бабанама», «Дат» атты кітаптарды жарыққа шығардым.

 

Ұқсас ақпараттар

СЛУЖИТЬ — ДЕТСКАЯ МЕЧТА ЖУЛДЫЗ

admin_mugalzhar

КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, ТАБЫСТЫ ЕҢБЕК

admin_mugalzhar

Миржан ЖИДЕБАЙ: «ӘНДІ ЖҮРЕККЕ ЖЕТКІЗІП АЙТУ — МАҢЫЗДЫ»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.