«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғалымдар қара шайдың ел күтпеген пайдасын атады

Батыс Австралия университетінің ғалымдары қарапайым қара шай қан қысымын төмендететін ең тиімді өнімдердің бірі деген қорытындыға келді. Бұл туралы The American Journal of Clinical Nutrition басылымында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеуге қан қысымы жоғары ерлер мен әйелдер қатысқан. Респонденттерге күнделікті үш кесе қара шай және кофеині бар сусын берілген.

Қан қысымының көрсеткіштерінің өзгеруі бірінші күні және үш және алты айдан кейін бағаланды. Барлық уақыт аралықтарында шай жоғарғы және астынғы қан қысымын төмендететіні анықталған. Өзгеріс 10 пайызды құрады.

Бірінші күннен бастап бірден байқалған және алты ай бойы тұрақты түрде сақталған бұл нәтиже бастапқы қан қысымына немесе жүрек соғу жиілігіне байланысты болмаған.

«Күндізгі уақытта қан қысымының өзгермеді. Соылайша түнде қан қысымына кофеин емес, қара шайдың құрамдас бөлігі әсер ететінін анықтадық. Қара шайды үнемі тұтыну қан қысымын төмендетеді, дегенмен бұл сусынның оған әсері әлі зерттелмеген», — деді ғалымдар.

Ұқсас ақпараттар

Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикаяға кастинг жарияланды

admin_mugalzhar

2022 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 93 пайызы электронды болады

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту: Басқа қызметкерлердің жалақысы қаншаға өседі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.