«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурыздан бастап күшіне енеді

Мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурызда күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жақында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгерістер салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және адал бизнесті қолдауға бағытталған», – дейді министрліктен.

Ресми органның мәліметі бойынша, заңды әзірлеуге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер атсалысқан.

«Бұл нормалар кәсіпкерлік мақсаттағы мобильді төлемдерді жеке тұлғалардың жеке аударымдарынан ажыратуға мүмкіндік береді, Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың жеке аударымдарына салық салынбайтынын айрықша атап өтеді. Заңнамада «мобильді аударым» және «мобильді төлем» екі бөлек көрсетілген. Соңғысы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін жүзеге асырылады. Бұл салық декларацияларында кәсіпкерлердің кірістерін дұрыс көрсетуге әкеледі», — делінген мамандардың түсіндірмесінде.

Министрліктің ұстанымы бойынша, мобильді төлемдерді жеке тіркеу шарасы онлайн аударым жасайтын адамның бәріне салық жауапкершілігін жүктемейді.

Тек бизнестің қолданыстағы заңнамада қарастырылған салық міндеттемелерін орындауына бағытталған.

«Кәсіпкерлер бұрынғыдай мобильді төлемді алғаннан кейін тұтынушыға кассалық чек беруі керек. Мобильді төлемге қатысты нормалар 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді. Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар ұтқыр төлемдер бойынша деректермен алмасу тек 2025 жылдан бастап жоспарланады», –  деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

АЗЫҚ-ТҮЛІК: КӘСІПКЕРЛЕР МЕМОРАНДУМҒА ОТЫРУДА

admin_mugalzhar

Күзде иммунитетті қалай нығайтамыз?

admin_mugalzhar

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау заңын қабылдады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.