Қазақстанда 24 желтоқсанда қар жауады

0
903
Синоптиктер 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Болжамға сай, еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Еліміздің ауа райына солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді, қар жауып, оңтүстік өңірлерде жауын-шашынды болады. Тек республиканың батысында жауын-шашын болмайды. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста желдің күшейеді, орталықта бұрқасын болады.”Қазгидромет” РМК

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23-23 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман, шығысында жел15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде түнде тұман түседі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде солтүстікте, шығыста боран соғады, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында Алакөл көлдерінің маңында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді.