«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӨЛЕУБҰЛАҚ ҮҢГІРІ ПЕТРОГЛИФКЕ БАЙ

Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Төлеубұлақ қыстағына 1,5 шақырым солтүстікте. Зерттелуі: Төлеубұлақ үңгіріндегі петроглифтер Қазақстан-Ресей бірлескен халықаралық экспедициясының 2000 жылы Мұғалжар ауданы аумағындағы тас дәуірінің қоныстарын зерттеу кезінде анықталып, ғылыми айналымға енгізілді. Аталған халықаралық экспедицияның жетекшісі Ресей ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., археолог А.П.Деревянко және мүшелері — профессорлар В.Т.Петрин мен Ж.К.Таймағамбетов және т.б. археолог ғалымдар болды. Сонымен қатар мұнда 2006 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының маманы, археолог, т.ғ.к., З.Самашев одан әрі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қысқаша анықтамасы: Шамамен бұдан 10 мың жыл бұрын үңгірде тас дәуірінің адамдары мекендеген. Үңгірдің еденіне тереңдігі 5 см, диаметрі 15-25 см көлемінде суреттер ойылып салынған. Бұл жердегі шағын үңгірлердегі петроглифтерден тұяққа немесе саңырауқұлаққа ұқсас пішіндер, антропоморфтар, сонымен қатар терең ойып жасалған сызықтар кезде седі. Ғалымдар жоғарыда аталған символдардың ең алғашқылары мезолит, тіпті палеолит кезеңінде, неолит кезеңінен әрі уақытта пайда болған деген пікірде отыр. Бұл кешен Қазақстандағы тас дәуірінен қалған ең көне археологиялық ескерткіш болып табылады. Алайда, бірқатар зерттеушілердің пікірінше, бұл шұңқыр тәріздес символдар жер бетінде жүздеген мың жыл бұрын пайда болған ең көне символдар болуы мүмкін деген болжам бар. Аңыз әңгіме: Осыдан 250-300 жыл шамасы бұрын Солтүстік Арал маңынан Мұғалжар тауына қоныс аударып, мекен еткен Кіші жүздің Шекті тайпасы Жақайым руынан шыққан Төлеу деген кісінің атымен Төлеубұлақ атанған.

Ұқсас ақпараттар

РАНТ МҮШЕСІ АУДАНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

admin_mugalzhar

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.