«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

Алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Мерекеде тұрғындар отбасылық, көпшілік шараларға барады. Осыған орай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сақтық шараларын қатаң ұстанып, індеттің алдын алуға шақырады. Сондай-ақ департамент өкілдері Жаңа жылда өңірдегі сауда, ойын-сауық орталықтарына, «Ashyq» жобасына қатысушы нысандарға тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алатынын айтады.

Бұл туралы кеше «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы» тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолова баяндады.

Гүлбану Дәулетованың айтуынша, облыста соңғы тәулікте 4 адам коронавирус жұқтырған.

Жалпы, өңірде індет жұқтырғандар саны 34 946-ға жеткен. Қазіргі таңда үй карантинінде 213 адам ем алып жатыр.

Ақтөбе облысы қазір «жасыл» аймақта. Дегенмен тұрғындар сақтық шараларын қатаң ұстануы керек. Бұл аурудың алдын алады. Бүгінгі күні коронавирустың омикрон штамы шетелдерде тез таралуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жастар және балалар осы штамды тез жұқтырады. Сондықтан індеттің алдын алу мақсатында біз тұрғындарды Жаңа жыл мерекесін тек отбасы мүшелері болып қарсы алуға шақырамыз. Ал көпшілік шараларды «Ashyq» жобасына қатысушы нысандарда келушілер мен қызметкерлердің «жасыл» мәртебесі болған жағдайда ғана толымдылығы 50 пайыздан аспайтын 100 адамға дейінгі орындарда өткізуге рұқсат беріледі. Дегенмен бұл жерде де арақашықтық және бетперде тәртібі сақталуы керек, — дейді Г.Дәулетова.

Ал Айгүл Аманжолованың айтуынша, бүгінгі күні инфекциялық ауруханаларда 39 адам ем алуда. Жансақтау бөлімінде 10 науқас жатыр. Карантиндік стационарларда 8 адам бақылауда. Сондай-ақ індет жұқтырған 6 бала мамандардың қарауында.

Жалпы, қазіргі таңда облыс бойынша стационардағы кереуеттердің 41 пайызы, жансақтау бөліміндегі кереуеттердің 50 пайызы толық.

 Д.ҚАЗИХАН. «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕТІ АЙДЫҢ ЕСЕБІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

11 наурызға арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізілмек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.