Екпеге байланысты сұрақтар бойынша “қызу желі” іске қосылмақ

0
2385

Қазақстан Республикасында жаңа жылдан бастап екпе сұрақтары бойынша көп каналды «қызу желі» халыққа қызмет ететін болады. Қызметтік топ өз жұмысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. 8 8000 700 830 нөміріне қалалық телефон нөмерінен немесе ұялы телефон нөмірінен ақысыз түрде таңғы сағат 8.00-ден, кешкі сағат 20.00-дің аралығында қоңырау шалып, екпеге байланысты сұрақтарға жауап алуға болады. Тұрғындардың сұрақтарына 30 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігер иммунолог және әр түрлі топтағы адамдарға егу қажеттілігін жоспарлау мен негіздеу сұрақтарымен айналысатын иммунолог, дәрігер эпидемиолог жауап береді. Кешкі сағат 20.00-ден бастап автоматты жауап бергіш құрылымы іске қосылады.

Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы.