«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қайтыс болған адамдардың зейнетақысын ай сайын алып отырған ақтөбеліктер анықталды

Ақтөбеде қайтыс болған адамдарға ай сайын зейнетақы аударылып келген. Прокуратура 20-ға жуық деректі анықтап, арнайы мекемелер арасына байланыс орнатты, деп хабарлайды Mugalzhar.kz ақпараттық агенттігі Aktobenews.kz тілшісінің мәліметін негізге ала отырып.

«Ішкі істер органдары жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалына тексеру жүргізеді. Сол кезде қайтыс болған адамдардың зейнетақысын ай сайын алып отырған адамдар анықталды. Бұл адамдардың қайтыс болғаны туралы анықтаманы дер кезінде тапсырмауы салданынан туындаған қателік. Енді Ішкі істер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалы апта сайын ақпарат алмасады», — деді Ақтөбе облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, ай сайын зейнетақы алып отырғандардың кейбірі 500 мың теңге жұмсап үлгерген. Олар заң бойынша ақшаны кері қайтаруы тиіс. Зейнетақы алып отырғандардың кейбірі қателікті анықтап, хабарлама берсе, кейбірі 6 ай бойы ақшаны өз пайдасына жаратып келген.

Ұқсас ақпараттар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қалай өзгерді

admin_mugalzhar

Интернетте СҚО ауылдарында жүрген қасқыр үйірі туралы видеолар тарады

admin_mugalzhar

Оразаның қай күні басталатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.