«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оразаның қай күні басталатыны белгілі болды

Биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады деп мәлімдейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы Sputnik Қазақстанның  жасаған мәліметіне сілтеме жасап mugalzhar.kz хабарлайды.

ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні – Қадір түні.

Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. «Арафа» мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар

«САРЫАРҚА САМАЛЫНАН» ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДА ТОЙ ӨТТІ ДҮБІРЛЕГЕН

admin_mugalzhar

Қазақтың Асанәлісі — Ақтөбеде

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.